"Дикий Арман" лақап атымен танылған Арман Жұмагелдиевтің әйелі ажырасуға өтініш бергенін айтты

2022 жылғы Қаңтар оқиғалары кезінде ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген айыппен сотталған Арман Жұмагелдиевтің әйелі Айкөл Әлікжанова ажырасатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қырғызстандық дизайнер әлеуметтік желідегі парақшасында неке куәлігінің суретін жариялаған. Оның айтуынша, олар заңды некеде болған. Алайда ажырасу туралы ұсынысты бірінші жолдасы тастаған.
Айкөл Әлікжанова бұл жағдай оңай тимегенін айтып, отбасын сақтауға, жолдасын күтіп, қолдау көрсетуге дайын болғанын жеткізді. Дегенмен бәрі тағдырдың жазуымен өзгергенін айтты.
Ерлі-зайыптының бір қызы бар, ол – Жұмагелдиевтің жалғыз перзенті. Оның сөзінше, араларында араздық жоқ, екеуі де ең алдымен ата-ана ретінде қарым-қатынасты сақтауға тырысады.
Сонымен қатар ол жеке өміріне қатысты артық әңгіме таратпауға шақырып, бұл мәселені жария талқылаудан аулақ болуды өтінді.
Айта кетейік, Арман Жұмагелдиев 2022 жылғы қаңтарда Алматыда болған жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұсталған. Кейін оған ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген айып тағылып, қамауға алынған.
Тергеу нұсқасы бойынша, ол Алматыдағы оқиғалар барысында топ әрекетін үйлестіріп, көпшілікті бақылауға алуға және билікке талап қою үшін құрылым құруға әрекеттенген.
2023 жылғы қыркүйекте Алматыда оның ісі бойынша сот процесі басталды. Іс аясында бұрынғы мәслихат депутаты Қайрат Құдайбергенов те жауапқа тартылды. Құзырлы органдар бұл тұлғалардың Қаңтар оқиғаларына байланысты жарияланған рақымшылыққа ілінбейтінін мәлімдеген.
2025 жылғы қарашада апелляциялық сот Жұмагелдиевке шығарылған үкімді өзгеріссіз қалдырды.
Перизат Қайраттан тәркіленген 80 миллиондық Mercedes астаналық полицейлерге берілді
Оқыңыз