Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дикий Арманның ісі апелляциялық сотта қаралып, үкім өзгеріссіз қалды

 Фото: instagram.com/armandzhumageldiev

Алматы қалалық соты Арман Жұмагелдиевтің (Дикий Арман) ісіне қатысты апелляциялық шағымды қарады. Десе де, үкім өзгеріссіз қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

26 қарашада Алматы қалалық соты Арман Жұмагелдиевтің ісіне қатысты апелляциялық шағымды қарады. Десе де, үкім өзгеріссіз қалды. Сот отырысы жабық форматта өтті.

Айта кетейік, 2025 жылдың қаңтарында Арман Жұмагелдиев бірнеше бап бойынша кінәлі деп танылды. Дикий Арман: 


Арман Жұмагелдиев пен оның жақтастарына шыққан сот үкімінің егжей-тегжейі айтылды


"Ұлыма белдемше кигізіп, видеоға түсірген": Дикий Арманның сыбайласынан зардап шектім деген әйел президентке үндеу жолдады


Қылмыстық кодекстің 262-бабы (Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу) бойынша 9 жылға; 

Қылмыстық кодекстің 268-бабы (Бандитизм) бойынша 16 жылға;

Қылмыстық кодекстің 272-бабы (Жаппай тәртіпсіздіктер) бойынша 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Дикий Арманға қоғамдық және саяси қызметке араласуға тыйым салынып, 20 жылға сотталды.

Жұмагелдиевпен бірге экс-депутат және кәсіпкер Қайрат Құдайберген және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 5-департаментінің бұрынғы басшысы Руслан Ысқақов та сотталды.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда “Дикий Арман” атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің ісі бойынша апелляциялық сот процесі басталғаны туралы жазған едік. 

Жұмаділлә Нұрила
Сәрсенбі, 26 Қараша, 2025 12:18
Талқылау