Қазақстандағы аттестация өзгерісіне мұғалімдер наразылық білдірді: Министр түсініктеме берді

Күні кеше Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова енді Қазақстанда мұғалімдердің пәндік білімін бағалау сынағы жүргізілмейтінін мәлімдеген еді. Министр осы тақырыпқа қатысты бірнеше маңызды сауалға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министрдің айтуынша, бұл уақытша қабылданған шешім емес. Енді педагогикалық қауымдастықта еңбек етіп жүрген ұстаздар үшін пәндік білімді бағалау сынағы толықтай алып тасталды.
Алайда бұл тестті тапсыратындар да бар. Оны педагог мамандығына енді ғана қадам басып жатқан жоғары оқу орны түлектері тапсырады.
“Өйткені олар осы мамандыққа енді ғана жол ашты. Біз олардың білім деңгейін білуіміз қажет”, – деді министр.
Сонымен қатар жас ұстаздар екі жылдан кейін педагог-модератор санатына өту үшін аттестация тапсырғанда да осы тесттен өтеді. Ал қалған санаттағы мұғалімдер аттестация кезінде пәндік білімін бағалау сынағын тапсырмайды. Яғни бұл тестің қолданысы тек мамандыққа жаңадан келіп жатқан педагогтермен шектеледі.
“Енді мұғалімдердің пәндік білімін бағалау сынағының аттестацияға ешқандай байланысы болмайды”, – деді министр.
Министрдің мәліметінше, бұған дейін 51 мың педагог шекті балл жинаған. Оның сөзінше, бұл ұстаздар өз нәтижелерін портфолиосына енгізіп, аттестацияда белгіленген кезеңге сәйкес тапсырады. Қыркүйек айынан бастап аттестациядан өткен мұғалімдерге тиісті үстемақылар төлене бастайды.
Тағы бір жаңалық — мұғалімдердің портфолиосы енді электрон форматта жинақталады. Яғни ұстаздар қағаз тасып, қол жинап әуре болмайды. Бұл процесс арнайы платформа арқылы цифрлық жүйеге көшірілмек.
“Ұстаз платформасы одан әрі қарастырылып жатыр. Болашақта бәрі электрон форматта жүргізіледі. Тақырып бойынша қосымша хабарлаймыз”, – деді министр.
Бұдан бөлек, министр авторлық бағдарламаларға қатысты талап та тоқтатылатынын айтты. Енді мұғалімдерге авторлық бағдарлама жазып, оны ұсыну міндетті болмайды.
Қазақстанда мұғалімдер жаңа аттестация талабының салдарынан сыйақыларынан айырылды
ОқыңызАйта кетейік, бұған дейін қазақстандық мұғалімдер енді аттестация тапсырмайтыны хабарланған еді.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр