Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"5-10 теңгенің затын әкелмедім": Қарақат Әбілдина айтыскер ақын Сара Тоқтамысоваға ерекше сыйлық тарту етті

Фото: Видеодан скриншот

Танымал әнші Қарақат Әбілдина айтыскер ақын Сара Тоқтамысоваға шапан жапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі 7 жылдан кейін айтыс сахнасына оралып, Қызылорда қаласында өткен жарыстан бас жүлде иеленген еді.

“Сараның кезекті қатысатын айтысына киіп шығатын тақия мен камзол әкелдім. Өзі бидай өңді болғасын жарасады деп ойлаймын. Мені білесіздер, ерекше заттарды жақсы көремін. 5-10 теңгенің затын әкелгім келмеді. “Сараның сандығынан” көйлек сатып алып, сахнаға киіп шығасың. Айтысқа осы дизайнерлік киіммен шығвп, бас жүлде алуыңа тілектеспін. Сара – менің жүрегімнің төрінен орын алған жан”, – деп ықыласын білдірді Қарақат. 


  • "Қолыма алтын сағат тақты": Қарақат Әбілдина халық әртісі Мақпал Жүнісоваға арнап жазба жариялады

  • "Бір үйден екі адамға берілмейді": Қарақат Әбілдина мемлекеттік марапатқа қатысты пікір білдірді


Айтыс өкілі бас жүлдесін тойлатып, қыз-келіншектердің басын қосқан еді. 

“Айтыстағы жүлдеммен құттықтап әкелген сыйлығымды қараңыздаршы! Қандай әдемі ! Сахнаға әдемілеп киіп шығамын, бұйырса”, – деді Сара. 

STAN.KZ
Жұма, 30 Мамыр, 2025 10:49
Талқылау