Үндістандық саясаткер 74 млн доллар жұмсап қызына ұлан-асыр той жасады (фото)
Үндістанның Карнатака штатының бұрынғы министрі қызын тұрмысқа беріп, той жасады. Тойдың шақыру қағазы алтынмен жалатылды.
Той бес күнге жалғасты. Салтанатқа жергілікті танымал тұлғалар шақырылды.
49 жастағы Гали Джанардхана Редди 8 болливуд режиссерін жалдап, тойда шоу ұйымдастыруды тапсырды.
Қалыңдық белгілі дизайнерлердің қолынан шыққан көйлек киді. Ал, күйеужігітті 5 ақ боз ат қоршап тұрды. Қыздың ата-анасы алдын ала фонограммамен жазылған ән айтты. Қалыңдықтың сариінің құны 2,5 миллион долларды құрайды. Оның зергерлік бұйымдарының өзі 12,4 млн доллар тұрады.
Редди Үндістанның ең бай саясаткерінің бірі саналады. Ол 2004 жылы штаттағы темір рудасын пайдалануға лицензия алған.
Жіберіп алмаңыз:
Астанада ЭКСПО көрмесінің ғимараты опырылып түсті (видео)
Қытайда джип көлігімен 3 адамды қағып өлтірген жүргізуші өзіне қол салды
Сирек құбылыс: Анасы егіз сәбиінің бірін екіншісінен 10 күн өткен соң көтерген