Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жардан құлап, ағаштан ұстап қалған петропавлдық қыз полицияға өзі хабарласқан

24 жастағы Петропавл  тұрғынының полицейлерге айтар алғысы шексіз. Өткен демалыс күндері ол Есілдің жағасында биіктігі 25 метрдей жардан құлап, өздігінен шыға алмаған.

20160513002656

Бұл туралы өңір ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Абырой болғанда, құлап бара жатқан қыз 20 метрдей төменде бұтақтан ұстап үлгерген бұл оны ажалдан сақтап қалды. Қаншама айқайлап көмекке шақырғанымен ешкім естімеген. Ал сөмкесі құлап кеткен. Бағына орай ұялы телефоны қалтасында болған. Ол «102-ге»  қоңырау шалып көмек сұрады.

с

Хабарламаны естіген  Жедел  басқару орталығының қызметкерлері жол-патрульдік полицейлер нарядын шұғыл түрде аттандырған.

Оқиға орнына жеткен жергілікті полиция қызметкерлері  салған бетте құлаған қызды таба алмаған.  Су жағасында жатқан сөмкені көрген полиция сержанты Юлий Данильченко сақтықпен жарқабақтан  түсіп жатқанда бұтаққа жармасып тұрған шеккен қызды көреді. Ол жалғыз өзінің шығарып ала алмайтындығын білген соң ТЖ-ға хабар берген. Өзі де қарап тұрмай төменге түсіп, сөмкені алып оның бауының көмегімен   жоғары тарта бастайды. Бұтақтан мықтап ұстаған күйі сержант жапа шеккен жанды  осылайша жоғарыға  аман-есен шығарды.

Жіберіп алмаңыз:

Биік жартастан сүйіктісіне ұсыныс жасамақшы болған жігітті тік ұшақпен құтқаруға тура келді (фото)

Талқылау