Шымкенттегі қаптаған қытай шенеуніктерді шошытты

Жұма, 14 Сәуір , 2017 21:35

Шенеуніктер Шымкентте шетелдіктердің қаптап жүргеніне алаңдаулы. Себебі, күнгейдегі мұнай өңдеу зауытында жұмыс істеп жатқан 4 мың қызметкердің 3 мыңы Қытай азаматы екен. Бұл жайтты Энергетика министрі Қанат Бозымбаев пен облыс әкімі Жансейіт Түймебаев кәсіпорын жұмысымен танысу кезінде кездейсоқ біліп қалған, – деп хабарлайды КТК арнасы.

0лб

Акциясының 50 пайызы отандық компанияға, ал екінші жартысы қытайлықтарға тиесілі болса да, зауыттағы жұмысшылардың көбі Қытайдан келіпті. Мұның себебін кәсіпорын басшыларынан сұрап, тұщымды жауап ала алмаған министр мен әкім мұнай зауытына ескерту жасады. Сондай-ақ, 3 миллионға жуық тұрғыны бар аймақтан қарапайым қазақ жұмысшыларын таппай да, тартпай да жүргендерге шүйліккен шенеуніктер осы олқылықтың орнын толтыруды тапсырды.

“Бұл зауыт ары қарай да жұмыс жасай береді. Жаңарып, қуаттылығы да артып жатыр. Сондықтан, бұл өндіріс орнында басқарушы және инженерлік-техникалық қазақ кадрлары болуы керек. Құлақтарыңызға алтын сырға, жергілікті мамандарды жұмысқа көптеп тартып, оларға осы істің қыр-сырын үйретіңіздер. Бұл біз үшін өте маңызды”, – дейді Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев.


Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандықтар үйленбес бұрын арнайы курстан өтулері мүмкін

Ерекше мейірімді таксист Ақтау тұрғынын таңғалдырды (видео)

Жаңа әліпбиге көшкенде қазақстандықтардың есімін, ақшасын, құжаттарын ауыстыруына тура келеді

Бас прокурор: Әйелді ұратындарды қоғамдық жұмысқа салу керек

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев
  • Anonymous says:

    Атырау да АНПЗ мекемесин ескеру керек!
    Шенеуниктерге.

  • Anonymous says:

    Бастарын шабу керек штиннен

  • Anonymous says:

    Негізі 3000 қазақ болсада түсіністік жасауға болады. Ал мұнда бəрі керісінше боп тұр екен

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.04.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар