Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда 4 жасар баланы ұрламақшы болған адамға сот үкімі шықты

Оралда 4 жасар баланы ұрлаған Владимир Колесниковқа сот үкімі шықты. Сот оны 6 жылға бас бостандығынан айырды.

Бұл туралы «Мой Город» хабарлады.

Колесников ҚР ҚК 125 бабы, «кәмелет жасқа толмаған адамды ұрлау» бойынша іс қозғалды.

«Ол нашақорлықты мәжбүрлеп емдеумен орта қауіпсіздіктің мекемесінде жазасын өтейді. Кейінірек сот қаулысына шағым берілді, бірақ облыстық қылмыстық сот алқасы оны өзгеріссіз қалдырды», – делінді сотта.

Жәбірленуші Айтқалиева сот шешіміне шағымданған жоқ.

Айта кетейік, 21 қарашада Владимир Колесников анасымен бірге жүрген 4 жасар баланы ұрламақшы болған еді.

Сотталушының туыстарының айтуынша, ол ішімдікке тәуелді болып қалған.

Тағы оқыңыз:

Шымкентте танымал кәсіпкер полицейлерді баняда ұрып, ауздарына арақ құйған

Шымкентте 10 жасар қыз математикалық есептерді шешетін киіз үй ойлап тапты

Алматы облысында қабаған иттер 7 жасар баланы талап тастады

Алматылық азамат 200 теңгеге жолаушыларды лимузинмен тасып жүр

Талқылау