Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте танымал кәсіпкер полицейлерді баняда ұрып, ауздарына арақ құйған

Шымкенттің танымал кәсіпкері, құрылыс дүкендер желісінің иесі Мықтыбек  Бекеевке қатысты істі тергеу аяқталып, сот басталды. Ол екі полиция қызметкерін ұрып-соғып, заңсыз түрмеге жапқаны үшін айыпталуда.

Бұл туралы TVK хабарлады.

Оқиға 2009 жылы болған. Дегенмен сотқа дейінгі тергеу амалдары осы жылы аяқталды.

Тергеу барысында 2009 жылыдың соңғы жағында полицияға сауналардың біріне әйелді ұрып жатыр деген хабарлама түскені анықталды. Оқиға орнына екі полицей барған. Алайда, олар келгенше саунаа күзетшісі барлығын реттеп қойған. Кейін сауна иесі полицейлерді ұрып-соғып, ішімдік ішуге мәжбүрлеген.

«Бекеев мені баняға шақырды. Кішкене кешіктім. Барсам күзетшілер 2 полицейді байлаап ұстап отыр. Бекеев оларды ұрып жатты. Сосын ауыздарына арақ құя бастады. Мен одан доғаруын сұрадым. Бірақ мені тыңдамады», – деді сотта куәгер.

Бұл оқиғадағы басты куәгер сотталушының досы болып шықты. Куәгердің айтуынша, 2014 жылдың наурызында Бекеев одан 100 мың доллар қарыз алған. Бірақ оны қайтарудан бас тартқан.

«Мен полицияға арыз жаздым. Оған куәгер де бар. Мен Бекеевтен бір емес, бірнеше рет ақшаны қайтаруын сұрадым. Бірақ ол бас тартып, дәлелдей алмайтынымды айтты», – деді куәгер.

Сонымен қатар, Бекеев күзетшілеріне бірінші келген полцейлерді «Нива» көлігімен ұрлап, басқа полиция шақыруды бұйрған. Содай-ақ өзінің ұзақ уақыт тергеушілерге жауап бермеу себебін түсіндірді.

«Неге органдарға полицейлерді ұрғанын 2009 жылы айтып, хабарламадыңыз?», деген сұраққа «Бекеев бұл іске араласпауымды және онымен өзі айналысатынын айтты», деп жауап берді.

Дегенмен сотталушы тарапы сол күні кәсіпкердің баняға кірмегенін және мұны дәлелдеу үшін тағы 3 куәгер керектігін айтты.

Жәбірленушілер мен прокуратура қалған куәгерлер сотталушының достары болғандықтан, олардың жауабы есептелмейтінін айтты.

Мықтыбек Бекеевке үш бап бойынша айып тағылуда.

Тағы оқыңыз:

Шымкентте 10 жасар қыз математикалық есептерді шешетін киіз үй ойлап тапты

Алматы облысында қабаған иттер 7 жасар баланы талап тастады

Алматылық азамат 200 теңгеге жолаушыларды лимузинмен тасып жүр

Алматыда 23 жастағы әйел дәрігерге кетіп, үйіне оралмаған

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр