Алматы облысында қабаған иттер 7 жасар баланы талап тастады

Алматы облысында бүтін бір ауылды қаңғыбас иттер басып алған. Үйсіз жануарлар жергілікті тұрғындарға шабуыл жасай бастапты. Таяуда ауылда оқыс оқиға орын алды. Бірнеше жануар жеті жасар балаға дәл мектеп ауласында тап берген. Екінші сынып оқушысы далаға дәретханаға бару үшін шыққан, деп хабарлады КТК арнасы.

Үсті-басының тілім-тілімі шыққан бала ауыр халде ауруханаға жеткізілген.

Бүгінде мектеп ауласы, тіпті үзіліс кезінде бос тұрады. Райымбек ауылының оқушылары мұқтаждық болмаса, далаға шығудан қалған. Аймақта тек қаңғыбас иттер еркін жүре алатын көрінеді.

Қарлығаш Жанысова үнемі ұлын сабаққа шығарып салатынын айтады. Алайда бұл да көмектеспеген. Осыдан бір апта бұрын жеті жасар Ғаниге жабайы иттер тап берген.

“Ешқандай медициналық көмек көрсетілмеген. Жараны өңдемеген де… Шок күйіндемін. Кейіннен бірнеше жері сырылып қалыпты деді”, – дейді баланың анасы.

Алайда ең үлкен қорқыныш та бұл емес, дейді ол. Әйел таксимен жеделдетіп ауруханаға жеткен соң, шоктың нағыз “көкесін” көргенін айтады. Үйсіз жануарлар баланың иығын, қос бөксесін, тіпті жауырынын жаралапты. Ал Ғани, міне бір аптадан бері мектепке барудан үзілді-кесілді бас тартып отыр.

“Тек анаммен және әкеммен бірге барамын. Сондықтан үнемі үйден біреудің шыққанын күтемін. Ағам Ілияс, анам, әкем немесе ағам. Себебі жалғыз шығуға қорқамын. Ит тістеп алатын сияқты”, – дейді Ғани.

Оқиға осыдан бір апта бұрын орын алған. Ғани мектеп ауласында дәретханаға барар жолда итке таланған. Ғимарат ішінде әлі күнге дейін дәретхана салынбаған. Жеткіншек далаға жалғыз шыққанын және иттерді байқамағанын айтады. Алайда мектептегілердің жыры басқа. Олардың пайымынша, бала сыныптастарымен бірге аулаға шыққан. Тентек балалар иттерді өздері ызалындырған, дейді мектеп әкімшілігі.

Дегенмен мектеп директоры бір топ жануардың мектеп ауласына қалай тап болғанын білмейді. Себебі басшы ол күні жұмыста болмапты.

“Мектеп аумағы қоршалған. Дәретхана далада болғандықтан,мұғалімдер де, оқушылар да –  барлығымыз далаға барамыз. Бірақ аулаға ит кірді дегенді бірінші естуім, бұл күні қалай болғанын білмеймін”, – дейді Райымбек ауылдық округіне қарасты Кенен Әзірбаев атындағы орта мектеп директоры Данагүл Әбдиева.

Қабаған иттер мектеп оқушыларына ғана емес, ауыл тұрғындарына да шабуыл жасайтын көрінеді. Жергілікті шенеуніктер үйсіз жануарларды атып тастай алмаймыз деп отыр. Себебі бұл жағдайды аудандық билік бақылайды екен. Ал әкімдіктегілердің ұсынатын шешімі мынау.

“Тек өткен жылдың өзінде 1000 үйсіз жануарды ауладық. Бірақ бәрібір даладағы қаңғыбастардың саны азаяр емес. Ал мектеп ішінде дәретхана да жоқ. Дегенмен жөндеу жұмыстарын жүргізуге өтініш беріп қойдық. Сонда оқушылар далаға жүгіріп шықпайтын болады”, – дейді Райымбек ауылдық округы әкім аппаратының орынбасары Жандос Базарбаев.

Алайда жөндеу жұмыстарының қашан жүргізілетіні белгісіз. Бюджетті алдымен аудандық, кейін облыстық әкімдіктегілер бекітуі тиіс.

Жіберіп алмаңыз:

БҚО-да көпбалалы отбасы 18 жылдан бері мемлекеттен үй ала аламай жүр (видео)

Алматылық жігіт Атырауда жезөкшелер үйін ашқан

Алматыда 23 жастағы әйел дәрігерге кетіп, үйіне оралмаған

ОҚО-да белгісіз дертпен ауыратын 10 жасар қызға депутат көмектесетін болды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
22.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар