Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық жігіт Атырауда жезөкшелер үйін ашқан

Сот ер адамды бас бостандығынан айырды, ол жазасын жалпы тәртіп колониясында өтейді.

Атырауда  Алматы қаласының тұрғыны жұқпалы ауруға шалдыққан әйелдерді пайдаланып, жезөкшелер үйін ашқан.  Соттың азаматты жазалау туралы шешім қабылданғаны облыстық «Ақжайық» басылымында жарияланды.

48 жастағы Алматылық жігіт Атырауда әйелдерді жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеп келген.

Тергеу барысында анықталғандай, ер адам Атырауға жезөкшелікпен айналысатын әйелдерді бірге ертіп барған. Сол жерден пәтер жалдап, жыныстық қызмет көрсетуден түскен ақшаның басым бөлігін өзі алып отырған. Сондай-ақ, қыздардың біреуі туберкулезге шалдыққан, екіншісі 2016 жылдан бастап «мерез» диагнозымен тіркеуде тұр.

Сот айыпталушыны қылмыстық кодекстің 194 бабы бойынша кінәлі деп таныды. Сотталушыға орташа қауіпсіздік мекемесінде алты жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ер адам кінәсін мойындамай, бекітілген үкімге арызданбақшы.

Жіберіп алмаңыз:

Ақмола облысында екі отбасы оралманның жалға беріп кеткен үйіне таласып жатыр 

Атырауда «салафиттер» автобус жүргізушілерінен ақша бопсалап келген 

Алматыда 23 жастағы әйел дәрігерге кетіп, үйіне оралмаған 

Сирияға қайын інісін алып кетпек болған әйел 9 жылға сотталды 

 

Талқылау