“Ninety one” әншісі: Сіздердің сөздеріңізге қарсы шыққымыз келмейді (видео)

Жексенбі, 13 Қараша , 2016 9:24

“Ninety one” тобы олардың концерт өткізуіне қарсы шығып, сыртқы келбеттеріне сын тағатын жандар туралы пікір білдірді. Көкшетау қаласында өткен концерт барысында атышулы топ тыңдармандарымен тілдесті, деп хабарлайды Stan.kz.

ninety one bala

Ninety one тобының әншісі Бала топтың концерт өткізуіне кімнің қарсы шығатынын білгісі келетінін, алайда әлі күнге дейін ол сұрақтың жауабын таба алмағанын айтты.

«Неше түрлі нәрселер болып жатыр. Оның бәрі не үшін деп өзіме сұрақ қоямын. Әлі күнге дейін жауабын таба алмай жатырмын. Жан-жақтан адамдар айтады: мүмкін сырғаның кесірі, мүмкін шаштың кесірі шығар деп. Бізге рұқсат бермей жатқандар кім? Түсінетін адамдар түсінеді. Ал түсінбейтін адамдар сол дұрыс дейді. «Сырға тақпаңдар, шашты боямаңдар» дейді. Неге? Біз сіздерге ештеңе істеген жоқпыз. Біз сіздерді үлкен деп құрметтеп, ешқандай сөздеріңізге қарсы шыққымыз келмейді. Бірақ сонда да осындай нәрселер болып жатыр. Бірақ біз оған мойымаймыз. Осындай ойларға бататын кездерім 2 ақ минут шығар. Одан кейін ағаларыма барып, қалжыңдарымды айтып, олардың көңілдерін көтеріп, әрдайым қуантып жүруге дайынмын. Сол үшін Eaglez, біз сіздермен әлі ұзақ уақыт бірге боламыз», – деді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін атышулы топтың бірнеше қалаларда (Ақтөбе, Қарағанды, Жезқазған, Қызылорда) концерті өтпей қалған еді. Өздерін жастар өкілдеріміз деп таныстырған тұрғындар аталмыш топтың имиджінің қазақ сахнасына сай келмейтінін, жастарды теріс бағытта тәрбиелейтінін айтып шағымданған-ды. Ал сүйікті әншілерімен кездесе алмай қалған топ жанкүйерлері петиция жариялап, қол жинауға кірісті.

Жіберіп алмаңыз:

91 тобының қарағандылық тыңдармандары концертте топқа ән айтуға мүмкіндік бермеді (видео)

Алуа Қонарова: Мен Баянмен татуласқым келген

Эстрада жұлдыздары баласын соққыға жыққан безбүйрек ана туралы пікір білдірді

Тұрсынбек Қабатов: Менің күртемді астымызға төсеп, Мөлдірдікін жамылған күндеріміз болды

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

10
Комментариев
  • Анонимно says:

    Жүректері таза, ақылды,қарапайым жігіттер! Көшеде шіреніп әлемді тіреп тұрғандай жүретін жігіттерден 1000 есе артық.

  • Анонимно says:

    Шетелге еліктеген

  • Анонимно says:

    Жандарым соооол, жақсы көреміз!!!

  • Бауыржан says:

    91 тобы заманауи, өте тәрбиелі қазақтың нағыз қарапайым жігіттері екеніне көзім жетті. Әндері мағыналы, өте сапалы. Жігіттер де нағыз талант иелері. Ал, қазіргі болып жатқан тосқауылдар – ол өзіміздің қазаққа тән көре алмаушылық . Өкінішке орай, бұл біздің қазақтың жазылмайтын дертіне айналған

  • EAGLEZ ARUZHAN says:

    Балапаным сені жаксы корем

  • тындарман says:

    қарсы болғандар өздері де білмейді не үшін екенін, өйткені оларды ұйымдастырып апарып жұрді. Кеше Көкщетауда, Карагандыда сол қарсы болғандар қайда? Уйымдастырмаса, оларға ақша тһлемесе, ешкім заң бұзушылыққа, рұқсатсы жоқ митингке бармайды…Топтың ең жас мүшесі әлі жас болғандықтан, адамдардық құйтырқы екенін түсіне алмай жүр ғой, Данияр, өмір осындай, адамдар әділетсіз, танымалдықты көреалмаушылық деген болады, шаш сырға деп жүргендері бос далбаса…..

  • Inara says:

    91 тобы молодцы ! WE LOVE YOU YOU ARE THE BEST.

  • Анонимно says:

    Аншилер халыктын пикирине кулак салу керек . Котеретин де оширетин де халык . Тусинбейтин неси бар , оз ұлтынды дарипте, улыкта деп жатыр! Оны тусинбесе сахнаға да шыгудын кажети жок.

    • Взрослый Иглз says:

      Главное – они нравятся своим слушателям. Поклонников у них мног.

    • Бауыржан says:

      олар андерин тек казакша айтады, оздери де таза казакша сойлейди. Андери магыналы, сапалы. Сырт келбеттери де казир биршама озгерген. Сонда олар енди не истеу керек? Казак сахнасында орысша ан айтып, казакша шала сойлейтин, жартылай жаланаш журетин аншилерди неге кудаламайды? Бул жерде тек коре алмаушылык екени коринип тур гой.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар