Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұндай клип болған емес: Ғалымжан Молданазардың жаңа бейнебаяны көпшіліктің жоғары бағасын алды (видео)

Отандық әнші Ғалымжан Молданазар жаңа бейнебаянын таспалап, көпшіліктің жоғары бағасын алды. Ерекше туындыға тәнті болған тыңдармандар «бұған дейін мұндай бейнебаян болған емес» десіп жатыр, деп жазады Stan.kz.

Ғалымжан Молданазар

Әнші әні мен сөзін өзі жазған «Есімде бәрі» деп аталатын әніне бейнебаян түсірген.

Ғарыш тақырыбына арналған жаңа туындыда «ғарышкер болсам» деген бала арманы көрініс табады.

Сценарийін Санжар Ғалымжанов жазып, Бекентай Әжібеков режиссерлік еткен бейнебаян өзінің сапалылығымен көпшіліктің назарына бірден түсті.

Өз кезегінде Молданазардың тыңдармандары туындыға жоғары баға беріп, әншіні «әлемдік деңгейдегі музыкант» деп атап жатыр.

«Әлемдік деңгейге шығуға тұрарлық бейнебаян», «Қандай керемет, сапалы жұмыс. Бізде мұндай бейнебаян болмаған. Осы бейнебаянның түсіріліміне атсалысқандардың бәрімен қол алысқым келеді. Және жеке Молданазардың өзіне алғыс білдіргім келеді», «Қандай прогресс. Молданазар, «Орда» және «91» тобындағы әртістермен бір заманда өмір сүріп жатқаныма мақтанамын. Молданазар – алып», «Молданазар бала күнінде ғарышкер болғысы келген болар. Бұл нағыз  сапалы, үздік туынды. Бұл жоғары деңгей», – деп жазуда пікір қалдырушылар.

Айта кетсек, «Есімде бәрі» бейнебаяны 4 күннің ішінде 53 мыңнан аса тамашаланған.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау