Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құнары аз тағамдарды тұтыну арқылы ұзақ өмір сүруге болатыны дәлелденді

Франциядағы Ұлттық ғылыми зерттеулер орталығының ғалымдары құнарлы тағамдардың санын азайту өмірді ұзартатынын дәлелдеді. Зерттеушілер бұл тұжырымға лемурларды зерттеу кезінде көрсетілген нәтижелердің негізінде келді.

Ұзақ мерзімді зерттеу барысында сарапшылар тағамдарының құнары 30 пайызға азайған лемурлардың өмір сүру деңгейін бағалады. Аталмыш тәжірибе 10 жылға созылды. Диетада болған жануарлардың тәжірибелі тобы қалыпты тамақтанған бақылау тобымен салыстырылды. 

Зерттеу нәтижесі бойынша алғашқы топтағылардың өмір сүру ұзақтығы 50 пайызға артқан. Екінші топтағы соңғы лемур 11,3 жасында өліп қалған. Ал құнарлы тағамдарды тұтынбаған жануарлардың үштен бірі аман қалған. Орта есеппен, бақылау тобындағы жануарлар 6,4 жылға дейін, ал тәжірибелі топтағылар 9,6 жасқа дейін өмір сүрген.

Бұл зерттеу қатерлі ісік және қант диабеті, сондай-ақ дене белсенділігі мен когнитивтік қабілеттерді сақтау сияқты ауруларға шалдыққандарға да оң нәтиже берді. Бірінші топтағы ересек лемураның ағзасы жас жануарлардікіне ұқсайтын. Сонымен қатар ақ заттардың атрофиясы (жүйке жасушаларының процестері) баяулады және мидағы сұр заттардың (нейрондық денелердің) жоғалуы төмендеді.

Оқи отырыңыз:

Теңізде жоғалған фотоаппарат 250 километр жүзіп, тұтас күйінде табылған (фото)

Бойжеткен анасының жүрегі ұстап қалған соң, 140 келіден арықтаған

2018 жылдың сәуір айына арналған жұлдыз жорамал

Аумағы футбол алаңындай аралдағы 1000 адам қалай өмір сүріп жатыр (фото)

Талқылау