Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан емханаларындағы ұзын-сонар кезек мәселесі шешімін таппақ

Қазақстандағы денсаулық сақтау мекемелеріндегі кезек санын азайту бағдарламасы жүзеге асырылмақ. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.

Бүгінгі күнде Қазақстанда бір дәрігерге 2,5 мың тұрғыннан келеді екен. Кейде кадр жетіспеушілігінен бұл сан 3 мыңға дейін көтеріледі.

Вице-министрдің айтуынша, жалпы тәжірибедегі дәрігерлердің рөлін арттыру жұмыстары жасалып жатыр. Бірінші кезекте, министрлік кадр тапшылығы мен ұзын-сонар кезек мәселесін шешпек.

“Біз бірінші кезекте не істеуіміз керек? Күрмеуі шешілмеген мәселелердің алдыңғы шебінде – кезек санын азайту мен электронды кезек жүйесін дамыту тұр. Қазіргі таңда бір дәрігерге еліміз бойынша 2,5 мың адамнан келеді екен. Біз алдағы уақытта жүзеге асатын шаруалар шеңберінде бұл санды 1,5 мың адамға дейін азайтуды көздеп отырмыз. Бұл мемлекеттік-жеке серіктестер және жеке клиникалар арқылы жасалынбақ”, – деді Біртанов баспасөз мәслихатында.

Медициналық сақтандыру бойынша да дәрігерлердің біліктілігін арттыру мәселесі шешілмек.

“Үшінші мәселе – бұл біліктілікті арттыру. Біз дәрігерлерді жалпы тәжірибедегі бағдарламаларын қарай отырып, уақыт көлемін көбейту керек деп шештік. Енді олар емдеу процесі мен балаларға көмек көрсету бойынша көп уақытын жұмсап үйрене алады”, – деді Біртанов.

Талқылау