Қаза тапқан полицейдің анасы Күлекбаевтың әйелінің бетіне түкірді (видео)

Дүйсенбі, 17 Қазан , 2016 14:28

Алматыда өтіп жатқан Күлекбаевтың ісіне қатысты тыңдау отырысында қаза болған полицейдің анасы айыпталушыдан не себепті ұлын өлтіргенін сұрады.

2016101711582275102_img_8290

Бұл туралы Zakon.kz хабарлайды.

Анасы Күлекбаевтың орнынан тұрып не үшін адамдарға шабуыл жасағанын айтып беруін талап етті.

«Ол қанша адамды өлтірді. Соған қарамастан отыр. Орнынан тұрсын. Ол менің ұлымды өлтірді», – деді анасы.

Тыңдау отырысында Күлекбаевтың әйелі мен қаза болған полицейдің анасы екеуінің арасында жанжал туды. Рахматуллаевтың анасы бірнеше рет айыпталушының әйелінің бетіне түкіріп жіберді.

«Ол қай бетімен мұнда келіп отыр?  Менің мұндай күйеуім болса, келмес те едім. Ондай күйеуді атып тастау керек», – дейді полицейдің анасы.

пп

Бұған дейін атыста қаза тапқандардың аналары Күлекбаевқа ату жазасын талап етіп жатқаныРуслан Күлекбаевтың көпшілікке беймәлім қырлары туралы да ақпарат жарияланған еді. Еске сала кетсек, 18 шілде күні Алмалы аудандық полиция басқармасына, сосын ҰҚК департаменті ғимаратына шабуыл жасалды. Нәтижесінде 6 адам қаза тауып (үш полицей, бір шекара қызметкері және бір бейбіт тұрғын), 8 адам зардап шекті. Билік аталған оқиғаға теракт деп баға берді. Ал ұсталған күдікті бұрын сотталған 26 жастағы Қызылорда облысының тумасы екен.

Жіберіп алмаңыз:

Достары жас жұбайлардың неке түні қалай болғанын аңдып, таспаға жазып алған (видео +18)

Алған жарақатынан көз жұмған баскетболшының достары Бас прокуратураға онлайн-петиция жазды

Ақтауда екі бірдей үйдің балконынан жаймаларды байлап түскен ұры тұрғындарды аң-таң етті (фото)

Астанада полицейлер әйелді зорлап, өлтірді деген айыппен кінәсіз жанды түрмеге жапқан

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар