Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алған жарақатынан көз жұмған баскетболшының достары Бас прокуратураға онлайн-петиция жазды

Игорь Нанаевтың достары мен жақындары ҚР Бас прокуратурасына жолданатын онлайн-петицияға қолдар жинауда.

20161010210459

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

Баскетболшының жақындары оны бір топ адамдардың тепкінің астына алғандығын айтады. Осы әрекеттің салдарынан, спортшы ауыр жарақаттар алды. Жалғыз адам біреуді осыншалықты жағдайға жеткізуі мүмкін емес, деген пікірде жүрген Нанаевтың жақындары осы достарының өліміне байланысты әрекетке неге тек бір ғана адам кінәлі екендігін білгілері келеді.

Қазір тергеу жұмыстары объективті болып, кінәлілер әділ жазасын алуы үшін Игордің туыстары мен достары осы оқиғаға бей-жай қарамайтын азаматтардың қолдарын жинауда.

Онлай-петицияға 1300-ден астам қол жиналды. Барлығы 10000 қол болуы керек. Спортшымен байланысты қылмыстық істің жан-жақты қаралуына Өскемен, Петропавл, Қостанай мен өзге де қалалардың тұрғындары тіпті Ресей қалаларынан да азаматтар қолдау көрсетуде.

Игорь Нанаев 10 қазан күні облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды. Қазанның 2-нен 3-не қараған түні түнгі клубтың жанында болған төбелес кезінде бас сүйегінен ауыр жарақат алды. Кейіннен алған жарақатынан көз жұмды.

Жіберіп алмаңыз:

Ақтауда екі бірдей үйдің балконынан жаймаларды байлап түскен ұры тұрғындарды аң-таң етті (фото)

Астанада полицейлер әйелді зорлап, өлтірді деген айыппен кінәсіз жанды түрмеге жапқан

Христиан ұстаз 50 жыл бойы Құран мен Інжілді қатар оқып келген

Талқылау