Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда екі бірдей үйдің балконынан жаймаларды байлап түскен ұры тұрғындарды аң-таң етті (фото)

14 қазан күні Ақтау қаласында белгісіз ұры көпқабаттың тұрғын үйдегі екі бірдей пәтерге ұрлыққа түсті. Көпшілікті ұрының ерекше әдісі таң қалдырды.

nz1.ru_14764626021

Бұл туралы Лада хабарлайды.

Тонаушы төсек жаймалары мен кілемдерді бір біріне байлап балконнан түскен. Оқиға таңертең үй иелері жұмысқа кеткенде болған екен. Тонаушы үшінші пәтерге де түспек болған. Алайда, ол үйдің терезесі темір тормен қапталғандықтан ол ойы іске аспапты.

nz1.ru_14764626042

«Міне бүгін ол біздің үйімізге тереземізден түсті. Бізде темір тор жоқ. Әлі не жоғалғанын қараған жоқпын. Тек полицейлерді шақырдым. Қол іздерін алуы керек қой. Пәтеріме де әлі кірген жоқпын. Көршімздің де терезесін сындырыпты. Бірақ кіре алмаған», – дейді тұрғын.

Жіберіп алмаңыз:

70 жастағы зейнеткер үшінші қабаттан төсек жаймасы арқылы түспек болды (видео)

Балаларға арналған басқатырғыш желі қолданушыларын тығырыққа тіреді

Бір мезетте 300-дей жыланды жібере салған ер адам жұртты таң қалдырды (видео)

ОҚО-да қарияның екі ғасырдың көзін көрген мылтығы бар

Талқылау