ОҚО-да қарияның екі ғасырдың көзін көрген мылтығы бар

Жексенбі, 16 Қазан , 2016 9:25

Таяуда Қазығұрт ауданындағы Көкібел ауыл окуругіне қарасты Қызылата ауылында болған едік. Сонда Ергенбай Жұмабай­ұлы деген қарияның үйінде өте көне мылтық бар деп естідік. Қатты қызыққандықтан оны барып көрдік, атаның өзін сөзге тарттық.

myltyk

Ергенбай атаның айтуынша, бұл жәдігер «Қазақтың үш аяқты қара мылтығы» немесе «Білте мылтық» деп аталады екен. Оның сақталып келе жатқанына 200 жылдан асыпты, деп жазады Замана газеті.

«Бұл мылтықты менің әкем Жұмабай Диқанұлына өзінің ұстазы берген  екен. «Көзіңнің қарашығындай сақта, балаларыңа мұра етіп қалдыр. Келешек ұрпақ бізді сол арқылы есіне алып жүрсін», – деген  екен.  Ол кезде әкем 20 жаста болыпты. Әкем: «Ұстазымның аманатына ешқашан қиянат жасамаймын», – дейтін. Мен соны балаларым мен немерелеріме айтып отырамын. Талай адам қызығып, сат деп келген, бірақ сатпадым.

Әкем аңшылықпен айналысқан.  Азық-түліктен қысылған кезде халық менің әкемді күтіп: «Иә, Алла, Жұмабайға олжа кезіктіре гөр!» – деп тілеуін тілеп отырады екен. Бұрынғының адамдары жомарт болған ғой.

Безымянный

Әкем жарықтық ешқашан мақтану дегенді білмепті. Керемет мергендігі туралы көршілерден еститін едік. «Қандай аң атқаныңызды үйге неге айтып келмейсіз?» – десек: «Е-е, балам, бәріміз де күнәһар пендеміз ғой. «Он күнәнің тоғызы – тілден» дейді, сендерге мақтанып келіп айтсам не тәрбие бергенім? Халық айтсын, халық айтса дұрыс айтады», – деп отыратын.

Аңшылықтан олжалы болып екі аң атып алса, оның  біреуін ауылдастарға беріп, екіншісін үйге әкелгенімен де оның етін түгел асқызып, жиын өткізеді екен.

Ал мына мылтықтың басқа мылтықтардан ерекшелігі бар. Ертеректе далада мақта сияқты  үлпілдеп тұратын «қу» деген шөп өскен. Бұл мылтықты ұңғысының аузынан оқтап, дәріні темірге оралған қумен тұтандырып ататын болған. Әрине, бұл көп уақытты алады. Сондықтан онымен аң атып алу да оңай шаруа емес. Ал әкемнің шапшаңдығы, ептілігі сонша, көздеген нысанасын қалт жібермей атып түсіретін болған. Көп адамдар әкеме: «Мұны қалай оқтап, атып үлгересің? Түтінін түтініне жеткізіп, оғын оғына қоса алмадым», – дейді екен.

Бұл мылтықтың салмағы 4,5 кило, ұзындығы 1,5 метрге жетеді. Мұны әкемнің көзі болғандықтан өзім қатты қадірлеймін. Келешек ұрпақ та  көне жәдігерлерді  әрқашан сары майдай сақтаса екен».

Ергенбай ата бізге осындай қызықты әңгіме айтып берді. Жасы екі ғасырды қамтитын ерекше мылтықты біз де ұстап көрдік. Ап-ауыр. Темір ұңғысы көне болса да жақсы сақталыпты, ал ағаштан жасалған бөліктері, дүмі қатты ескірген, кей жерлерін шүберекпен байлап қойыпты. Бұл көне жәдігерді мұражайға қойса да болғандай екен.

…Ал Ергенбай қарияның жасы қазір 78-де екен. Бүгінде  ол кісі Құдай қосқан қосағы екеуі ұлдары Есіркептің отбасымен бірге тұрады. Есіркеп Ергенбайұлы – осы ауылдағы «Қызылата» жалпы орта мектебінің директоры. Атаның келіні Сәуле ауыл ауруханасында дәрігер болып істейді. Ергенбай ата бүгінде олардан туған немерелеріне тәрбие беріп, өнеге көрсетіп отырады.

Жіберіп алмаңыз:

Ақтөбе облысында футбол қақпасы құлап, оқушы жан тапсырды

Сергей Безруков қазақ бүлдіршінін құтқару үшін суретін аукционға шығарды (видео)

Иесінің күшік кезінен асыраған иті қасқыр болып шыққан (фото)

Өмір мен өлім арасы: Таиландта вегетариандардың ең қатігез фестивалі өтті (фото 18+)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
29.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар