Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сергей Безруков қазақ бүлдіршінін құтқару үшін суретін аукционға шығарды (видео)

Youtube сайтында Ресейдің танымал кино және театр әртісі, Губерн театрының көркемдік жетекшісі Сергей Безруковтың 40 секундық видеосы пайда болды.

sergey-bezrukov

Осы қырық секунд ішінде әртіс Әдемі есімді қазақ бүлдіршінін ауыр сырқаттан құтқаруға әрекеттенген.

«Бірнеше жыл бұрын осында, Қазақстанда  «Шынайы ертегі» деген балаларға арналған фильмімді таныстырған едім. Сол кезде қолтаңбамды қалдырған сурет шықты. Енді мына сурет Әдемінің еміне жетпей тұрған қаражатқа сатылады деп үміттенемін. Қайырлы іс үшін сатамын…», – дейді видеода Сергей Безруков.

БАҚ-тардың хабарлауынша, Сергей Безруковтың қолтаңбасы қойылған портреттің бастапқы құны – 35 000 теңге. Аукциондағы бір қадам 1000 теңге. Аукцион 20 қазан күні қорытындыланады.

Айта кетейік, Алматыда туған Әдемі Қуанышбек екі жаста. Бүлдіршін қатерлі ісікке шалдыққан. Оңтүстік Кореяда жасайтын операция үшін 423 мың доллар жинау керек. Қазір ата-анасының қолында 91 мың доллар бар.

Жіберіп алмаңыз:

Ақтөбе облысында 10-сынып оқушысының жүкті екені анықталды

Астанада 20 жыл бойы өлдіге саналған қыз анасымен қауышты

Қазақстандықтардың мейірімділігіне көзім жетті. Белгісіз ер адам тележүргізушінің тауарларына төлем жасады

Атырауда Құранға қолын қойып ант еткен алаяқ әйел сотталды

Талқылау