Цукерберг бір күнде 6 миллиард долларға байып шыға келді

Жұма, 29 Қаңтар , 2016 19:53

Марк Цукерберг бір күнде Bloomberg нұсқасы бойынша ең бай адамдар тізімінде екі пунктіге жоғары көтеріліп, 6-орынға шықты. Оның табысы компания есебін жариялағаннан кейін 6,2 миллиард долларға өскен.

ebab0dd81875205edda9c6e23b8f4f53ce9c97eb

Бұл туралы lenta.ru хабарлайды.

Bloomberg желі негізін салушының активтерін 47,6 миллиард долларға бағалады. Рейтинг бойынша Цукерберг бұрын алтыншы  және жетінші орында тұрған Koch Industries иесі Чарльз бен Дэвида Кохтан озды.

Цукербергтің алдында Microsoft негізін салушы Билл Гейтс, Inditex негізін қалаушы Амансио Ортега, Америка инвесторы Уоррен Баффет, Amazon басшысы Джефф Безос пен кәсіпкер Карлос Слим тұр. Бір жыл ішінде активтер құны 4,5 миллиард долларға төмендеген.

Цукерберг әлем бойынша 2016 жылы актив бағаларын көбейте алған 20 табысты адамның қатарына кірді.

Әлемдегі 400 ең бай адамның жалпы табысы 3,7 триллион долларды құрайды. 2015 жылы бұл көрсеткіш 4,3 триллион доллар болған.

Әлеуметтік желі 2015 жылдың 27 қаңтарына дейінгі қаржылық көрсеткішті жариялады.  Facebook желісінің табысы бір жылда 2,94 миллиард доллардан – 3,69 миллиард долларға, яғни, 25 пайызға өскен. Әсіресе, компания кірісі жылдың соңғы кезеңдерінде 52 пайызға артқан. Есепті жариялағаннан кейін Facebook Inc акциясының Нью-Йорктегі қор биржасы 14 пайызға өсті.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
24.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар