Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бакуде дәрігерлер қателесіп науқастың сау аяғын кескен

Науқастың сау аяғын кескен хирург Валех Керимов болған жағдайды түсіндірді.

0

Бұл туралы 1news.az хабарлайды.

“Науқастың екі аяғында түртінші дәрежелі атеросклероз. Аяғына қан бармай, шіри бастаған. Сол аяғында бұл процесс қарқынды дамыса, оң аяғында керісінше. Әйелдің өмірін құтқарып қалу үшін сол аяғын бірінші кесу керек болды.

Алайда механикалық қателіктерге бола оң аяғын кесіп тастаған. Бұл операциялық үстелді дұрыс айналдырмағаннан болып отыр. Алайда бірнеше күннен кейін оның оң аяғы да кесілуі тиіс”, – дейді Валех Керимов.

87 жастағы Тарлан Әлиеваның немересі қант диабетіне шалдыққан әжесінің сол аяғы кесілуі керектігін хабарлаған. Алайда дәрігерлер қателесіп оң аяғын кесіп жіберген.


Жіберіп алмаңыздар:

Баян Есентаеваға әлі ұзақ уақыт емделетін болады – дәрігерлер

Жамбыл облысында 5 жасар қызды өлім аузынан құтқарған әскери дәрігерлер марапатталды

Қызылордалық дәрігерлер науқасқа немқұрайлы қарап, тиіс емес орындарға жатқыза береді

Дәрігерлер не себепті крокс аяқ киімдерін киюге болмайтынын айтып берді

Талқылау