Атырауда бес күннен бері толассыз жауған қар қиындықтар тудыруда (фото)

Дүйсенбі, 4 Қаңтар , 2016 18:36

Толассыз қарды тазалауға 50 техника жұмылдырылған

зима5

Бұл туралы Облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан өзінің  facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

«Бес күннен бері жапалақтап қояр емес. ..
Желі-жамағат шуласып жатыр. Қар неге тазаланбайды? Неге тазаланбасын! Тазаланып жатыр! Бесінші күнге қарады, 50 теxниканың жамбасы жер иіскер емес. Аянып жатқан ешкім жоқ.
31-інен бері қарай 30 мм қар жауыпты. Үш айдың қары үш күнде төгілген… әлі тоқтайтын түрі жоқ.
Қыстың да қиындығы болмай ма! Сабыр етейік! Қар кетер, көктем жетер, жаз шығар, күз түсер… Қызығын қиындығына жасырған өмір-жылдар сөйтіп өтер…» – деп жазған ол өз парақшасында.

«Ең бастысы – бас аман, бауыр бүтін болғай!»  – деген әкім орынбасары бүгін әкімдікте кезекші болғанын,  түнде Маxамбет ауданында газдан уланып екі адам қайтыс болғанын, ал түсте Атырау-Астраxань жолындағы көлік апатынан тағы екі кісі көз жұмғанын жазды. Ш. Мұқанның мәліметінше көлік апатына тсүкен жолаушылардың қалғаны ауруxанаға жеткізілген. Ал тағы бір үйдің 400 қойы жоғалып кеткен.

«Қыс – сынақ,  – деген облыс әкімінің орынбасары халықты қыстың көзі қырауда сақ болуға шақырды.

зима1

зима4

зима5

зима3

зима2

Суреттер Ш.Мұқанның Фейсбуктегі парақшасынан алынды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар