Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада полицейлер ерекше челлендж бастады (видео)

Астаналалық полицейлердің жаттығу жасаған видеосы желіде тарай бастады. Полицейлер кеудені жерден көтеру бойынша челлендж бастап кетті.

 Астанада полицейлер ерекше челлендж бастады (видео)

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің баспасөз хатшысы Ирина Лукьянина желіге видео жүктеді. Видеода полицейлер ЭКСПО-2017 кешені аумағында кеудені жерден көтеру жаттығуын жасады.

Полицейдің бірі арқасына бойжеткенді отырғызып жаттығу жасады.

«Бастама мақсаты – дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын насихаттау. Полиция үшін спорт – кәсіби қызметтің маңызды құрамдас бөлігі. Қызметкерлердің дене дайындығы алға қойылған мақсаттарды тиімді орындауға және жұмысқа қабілетті сақтауға мүмкіндік береді», – дейді Астана қалалық ІІД бастығының орынбасары, полиция полковингі Рүстем Шәрібаев.

Астана полициясы эстафетаны Алматы қалалық ІІД полиция қызметкерлеріне жолдады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау