Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда белгісіз біреу көпбалалы отбасыларға үй сыйлап жүр

Ерлі-зайыпты Асхат Әміров пен Жанар Үрбісінова қарапайым жағдайдардың өзі жасалмаған қорада өмір сүріп, отбасын асырау үшін жұмыстың түр-түрін істеп келген. Олардың жағдайы туралы хабардар болған ақтаулық меценат отбасыға пәтер сыйлады.

Ақтаулық меценат қорада өмір сүріп жатқан отбасыға пәтер сыйлады

Бұл туралы ИнАктау сайтына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Маңғыстау облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің басшысы Айсұлу Дүтбаева

Атырау облысының тумалаыры Асхат пен Жанар бала күнінен тағдырдың тауқіметін көріп өскен. Жетім қалған олар өзін асырау үшін ауыр жұмыстарды істеген. Ал шаңырақ көтеріп, 4 балалы болғаннан кейін ауыр жұмысқа араласып, нәпақа табуға тырысқан. Алайда Асхат жарақат алып, салдарынан қолы істемей қалғанда, тұрмыстары тіптен ауырлаған. Бұған қарамастан, ер адам үйіне азын-аулақ болсын табыс әкелу үшін, кез-келген жұмысқа кірісіпті. Ал Жанардың өзі өзгелердің үйін тазалап, түйе сауумен айналысады.

«Отбасы қорада, қашада өмір сүріп келген. Далада ауыр жұмыс істеп, мал баққан. Жарық, жылу сияқты ешқандай жағдай жоқ. Кешкі асқа көбіне шай мен наннан басқа жейтін түгі жоқ», – дейді Айсұлу Дүтбаева.

Айсұлу Дүтбаеваның сөзінше, Асхат пен Жанарды шамамен бір ай іздестірген. Меценатта да, өңірлік коммуникациялар қызметінің басшысында да отбасының мекен-жайы мен телефон нөмірі болмапты.

«Жанар өзін іздестіріп жатқанын естігенде, қатты қорыққан. Әлдеқандай бұзушылық жасаған екенмін деп ойлапты. Біз көлікте келе жатып, оған пәтерге бара жатқанымызды айтқанда, ол «пәтерді тазалау үшін бара жатырмын» деген ойда болған. Ал олар пәтердің өздеріне берілгенін түсінгенде шокта болды. Өздерімен мұндай жағдайдың болып жатқанына соңына дейін сене алмады», – дейді өңірлік коммуникациялар қызметінің басшысы.

Күні кеше отбасына бір бөлмелі пәтердің кілті табысталды. Өз есімін жарияламауды сұраған меценат пәтердің құжаттарын рәсімдеуге көмектесуге уәде берді.

Айта кетсек, ақтаулық меценат Қарақия ауданындағы 4 баласы бар жалғыз басты анаға да пәтер сыйлаған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау