Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтау ХҚКО-сына кіреберісте ер адам қайтыс болып кетті

Қарт ер адам Ақтау Халыққа қызмет көрсету орталығының кіреберісінде көз жұмды.

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының баспасөз қызметі хабарлайды.

Мекеменің мәліметіне сәйкес, 6 желтоқсан күні Ақтау ХҚКО-сына кіреберісте 1948 жылы туған ер адам есінен танып қалған. Дәрігерлер оқиға орнына санаулы минуттарда келгенімен, ер адамды құтқарып қала алмаған.

«ХҚКО қызметкерлері шақырған жедел жәрдем көлігі төрт минуттан кейін келіп, азаматтың өмірі үшін жарты сағат бойы арпалысты, дегенмен ажалдан арашалап қала алмады», — деп жазылған хабарламада.

Ер адам Халыққа қызмет көрсету орталығына қызымен бірге келіпті. Қызының айтуынша, бірнеше жыл бұрын әкесінің жүрегіне ота жасалып, ендігі денсаулығы болмай жүрген екен.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Ақтөбедегі ХҚКО-да тромбоэмболия салдарынан ер адам көз жұмған еді.

Оқи отырыңыз:

ШҚО-да оқушы баспалдақтан құлап, комаға түсті

Зарина Омарова кезінде хит болған “Жан гүлім” әніне жаңа клип түсірді (видео)

Бағым Мұхитденова “КешYou” тобының жүлдесіз қалғанына ренжіп қалды

Үйленуге тура келді: Алагөзов продюсермен тойы туралы айтып берді

Талқылау