Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында 51 жолаушысы бар автобус пен жүк көлігі соғылып апатқа ұшырады

Ақмола облысының Астана-Қарағанды жолының бойында жолаушылар автобусы мен цемент тасушы жүк көлігі соғылып, ірі жол апаты болды, – деп мәлімдеді облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы.

12314661

Сурет: Ақмола облыстық ІІД-нен

Цемент тасушы жүккөлігі Астанадан ОҚО-на бет алған жолаушылар автобусымен бетпе-бет қақтығысқан. Автобуста  51 жолаушы мен 2 жүргізуші болған. Апат салдарынан 1 жолаушы зардап шеккен. Алайда, ол ауруханаға жатудан бас тартқан.

12314901

Қазір ҚР ҚК «Транспортты көлікті басқарушылардың жол ережесін бұзуы» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жол апатына кінәлі адам анықталып жатыр.

Жолаушылар өзге автобусқа ауыстырылып, Астанаға жіберілді. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

12314910

Жіберіп алмаңыз:

Шымкентте жолаушылар автобусы апатқа ұшырап, аударылып кетті

Алматы облысында ұшақ апатты жағдайда қонып, 2 адам ауыр жарақаттанды

Павлодарда мас полицей жол апатына себепкер болды

Талқылау