Павлодарда мас полицей жол апатына себепкер болды
Арақ ішіп, рөлге отырған келіншектің көше бойындағы бағанаға кеп соғылғаны сол маңдағы көліктердің бірінің бейнетіркеуішіне жазылып қалған,-деп жазады КТК арнасы.

Капитан шеніндегі әйел шаһардағы түнгі дүкендердің біріне келіпті. Сол сәтте рөлге ие бола алмай қалса керек, жол бойындағы бағанаға соғылған. Патрульдік полицейлер де оқиға орнына тез жеткен екен.
Олар түнделетіп қонақтан келе жатқан әріптестерінің айтқанына көнбей, хаттама толтырып, сараптамаға алып кетті дейді оқиға куәгерлері. 35 жастағы капитан келіншек енді 3 жылға жүргізуші куәлігінен айырылып қана қоймай, қызметінен де қуылуы мүмкін.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады