Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

72 жастағы Мик Джаггер сегізінші рет әке атанбақ

72 жастағы Мик Джаггердің өмірі енді ғана басталып жатқан сыңайлы. Жуырда әйгілі Rolling Stones тобының әншісіне жұбайы перзент сыйламақ. Бұл ақпаратты әншінің ресми өкілдері растап отыр. Мик соңғы рет 29 жастағы Мелани Хамрикке үйленген болатын.

новый коллаж

Джаггер көпбалалы әке ғана емес, бүгінде шөбере сүйіп үлгерген қария. Ал бұл жәйт жас Меланиді аса  толғандырмайтын сияқты. Балет бишісі Миктен тамаша әке шығатынына сенімді.

Мелани Миктің туған балаларымен қарым-қатынасының қандай екенін білгендіктен, оған тезірек бала туып беруге асыққан екен.

Мелани Хамрик жүктілігіне бола мансабынан бас тартып, Лос-Анджелес қаласына көшіп кетпек. Сол жерде өзінің отбасымен тұрғысы келеді екен. Ал болашақ сәбиінің әкесінің Лондондағы үйіне көшіп келетін ойы жоқ сыңайлы.

Мик Джаггердің әртүрлі бес әйелден туылған Кэрис, Джейд, Элизабет, Джорджия есімді қыздары мен Джеймс, Габриэль және Лукас есімді ұлдары бар.


Жіберіп алмаңыз:

Нұржан Төлендиев алтыншы рет әке атанды

Танымал тележүргізуші Алан Черкасов әке атанды

Нью-Йоркта профессор әйелдерге ұрығын тегін беріп, 22 баланың әкесі атанды

Актер Сергей Безруков әке атанғанын айтып сүйінші сұрады

Талқылау