Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Актер Сергей Безруков әке атанғанын айтып сүйінші сұрады

Белгілі ресейлік актер Сергей Безруков тұңғыш рет әке атанды.

5555

Сурет Инстаграм

Бұл туралы актер өзінің Инстаграмдағы парақшасында жария етті.

“Қымбаттыларым менің! 4 шілде күні Анечка маған қыз сыйлады. Мен бақыттымын!!!”, – деп жазды ол.

Актер осы жылдың наурыз айында продюсер, сценарист және режиссер Анна Матисонға үйленген болатын. Бұл туралы Безруковтан жақсы хабар туралы смс алдым деп “ОК!” журналының бас редакторы Вадим Верник қуана хабарлаған еді. “Вадик қымбаттым! Біз некелестік! Бірақ бұл туралы жария еткіміз келмейді. Тыныш ғана. Өзгелердің, қашан, қалай деп сұрағанын қаламаймыз”, – деп жазған Безруков өз хатында.

Еске сала кетсек, Сергей Безруков 15 жыл бойы театр және кино актрисасы Ирина Безруковамен отбасын құрған еді. 2015 жыл жұлдызды жұп ажырасып кетті.

Талқылау