Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында балабақшада бүлдіршін ұйықтауға арналған уақытта көз жұмды

Ақмола облысы Бурабай ауданындағы балабақшалардың бірінде 2017 жылы туған бүлдіршін көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: mk.ru

Әлеуметтік желіде көз жұмған бүлдіршіннің 2017 жылы туған қыз бала екені туралы ақпарат пайда болды. Бала ұйықтауға арналған уақытта жан тапсырған. 

Облыстың полиция департаменті аталған ақпаратты растап, Бурабай ауданының балабақшаларының бірінде қыз баланың көз жұму фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалды, басқа мән-жайлар анықталып жатыр", – деп жауап берді Ақмола облысы полиция департаменті.

Еске салайық, бұған дейін Бурабайға демалысқа барған оқушы ағашқа соғылып көз жұмғаны туралы жазған едік. Астанадағы Қ.Сәтбаев атындағы Бином мектебінің 10-сынып оқушылары 5 мамыр күні жалдамалы автобуспен Бурабайға барған. Сапар барысында велосипедпен серуендеген оқушы оқыс оқиғадан қайтыс болды.

Талқылау