Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үштөбе тұрғыны сүйіктісімен кездесу үшін көршісінің көлігін ұрлап әкеткен

 Үштөбе тұрғыны көрші қалада тұратын сүйіктісіне бару үшін біреудің автокөлігін айдап әкетті, деп хабарлайды Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі.

2-нен 3 қаңтарға қараған түні Үштөбе қаласында 64 жастағы ер адамның Volkswagen Jetta маркалы көлігін гараждан белгісіз біреу айдап әкеткен. Көлігінің ұрланғанын байқаған зейнеткер жергілікті полицейлерге хабар берді.

ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, құқық қорғаушылар бірнеше сағаттан кейін Volkswagen көлігін Талдықорғанға кірер кезде байқаған. Күдікті автокөліктің нөмірін шешіп, жанармай стансасының маңына тұраққа қойып, сүйіктісіне кеткен.

“Көлікті жәбірленушінің 22 жастағы көршісі айдап әкеткен. Жас жігіт Жаңа жылдан кейін облыс орталығында тұратын құрбысына барып келмекші болыпты. Анықталғандай, күдікті машинаны гараждан итеріп шығарған. Ал көлік иесі кілтті оталдыру тетігінде қалдырып кетіпті”,- деп мәлімдеді полициядағылар.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 200-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдіктіге мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынуы мүмкін немесе түзету жұмыстарына жегілуі, екі жылға дейін бас бостандығы шектелуі немесе дәл сол мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Оқи отырыңыз:

Қарағандылық баласының өліміне перзентхана қызметкерін айыптап, сот арқылы миллион теңге өндірді

Қазақстанда көлікті мемлекеттік тіркеуге қою ережесі өзгерді

Әскери қызметші қонаққа барып, екі отбасын қауіпті қылмыскерден құтқарып қалды

Малайзияда 3000 оқушының ішінде қазақ қызы математикадан бірінші орын алды

 

 

 

Талқылау