Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үндістан министрі зорлықтың көбеюі порнографиялық сайттарға кіргеннен деп түсіндірді

Үндістанның Мадхья-Прадеш қаласының ішкі істер министрі Бхупендра Сингх аймақтағы порнографиялық мазмұнды сайттарға кіруге тыйым салуды ұсынды.

Үндістан министрі зорлықтың көбеюі порнографиялық сайттарға кіргеннен деп түсіндірді

Бұл туралы The Times басылымы хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Бхупендраныың айтуынша, порнографияның таралуы жыныстық қатынаста жасалған қылмыстар санының артуына алып келеді. Ол Индаур қаласында зорланып, өлтірілген сегіз айлық баланың оқиғасынан кейін порнографиялық сайттарға тыйым салу туралы бастамасын мәлімдемесі.

«Мадхья-Прадеш штатының Ішкі істер министрлігінің зерттеулері порнографияның балаларға жағымсыз әсер тигізгенін көрсетті. Себебі, тіпті кішкентай ұлдар мен қыздар бұл сайттарға еркін кіре алады. Осындай сайттарға кіргеннің нәтижесінен зорлық-зомбылық пен сексуалдық шабуылдар орын алады», – деді Бхупендра Сингх журналистерге.

Бейресми деректерге сүйенсек, мемлекетте 25 порно сайт бұғатталған, бірақ кейбір үкімет мүшелері мұндай порталдарды толықтай жабу үшін күресуге дайын.

2015 жылы Үндістанда ересектерге арналған мазмұнды қамтитын 857 ресурс бұғаттарды. Кейінірек қоғамдық қысымнан кейін парламент балалар порносы табылған порталдарды ғана қалдырып, тізімді қысқартты.

Тағы оқыңыз: 

Рамзан Қадыров ағасының ұлын өз балаларынан артық жақсы көретінін мойындады

Миллионердің қызы «кедейлердің өміріне» таңданып, телекөрермендерді ашуландырды

Ұлдар мен қыздарды бөлек оқытуға арналған екі жылдық тәжірибе таңқаларлық нәтиже берді

Рамзан Қадыров: Құдай бізге 4 әйелге дейін алуға рұқсат берген

Талқылау