Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рамзан Қадыров ағасының ұлын өз балаларынан артық жақсы көретінін мойындады

Шешенстан президенті Рамзан Қадыров туған ағасының ұлын өз балаларынан артық жақсы көретіндігін мойындады.

Рамзан Қадыров ағасының ұлын өз балаларынан артық жақсы көретінін мойындады

Бұл туралы Шешенстан басшысы «Ресей-24» арнасына берген сұхбатында айтты, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Шешенстан басшысы ағасы қайтыс болғаннан кейін бауырының балаларын өзі тәрбиелеп отырғанын айтты. Жергілікті дәстүр бойынша балалар әкесінің отбасына берілетіндіктен, Шешенстан басшысының жеңгесі бөлек тұрады. Қадыровтың марқұм ағасының баласы қазірдің өзінде ер жетіп, саясаткердің пікірлесіне айналған.

«Менің балаларым жақында ғана дүниеге келді. Ал бауырымның ұлын 20 жылдан астам уақыт бойы білемін және оны бәрінен артық жақсы көремін. Бүгінгі күннің өзінде ол менің жаныма тұрып, өз пікірімен бөлісті. Ол менің досым, бауырым, жолдасым. Ал мен әлі де балаларымның қандай адам болатынын білмеймін. Қазір балаларымнан гөрі бауырымның ұлы үшін жақсы жағдай жасап, тәрбиелеймін», – дейді Қадыров.

Естеріңізге сала кетейік, Рамзан Қадыров – он екі баланың әкесі, олардың екеуі асырап алынған балалар.

Тағы оқыңыз: 

Миллионердің қызы «кедейлердің өміріне» таңданып, телекөрермендерді ашуландырды

Ұлдар мен қыздарды бөлек оқытуға арналған екі жылдық тәжірибе таңқаларлық нәтиже берді

Рамзан Қадыров: Құдай бізге 4 әйелге дейін алуға рұқсат берген

15 жастағы қыз бір топ баскесерлерден қашып, бетон артына тығылған (видео)

Талқылау