Зырянов ауданынан былтыр қыста жоғалған азаматтың өлі денесі табылды
Мамыр айында таудағы қар еріп, сол аймақтың тұрғындары ер адамның өлі денесін тапқан.
Бұл туралы Altaynews.kz. басылымы хабарлайды.
Зырянов ауданының тұрғыны желтоқсан айында ауылдан 30 км қашықтықта орналасқан аймақтағы балараға кеткен. Уәделескен уақытта баларашы қайтып келмеген екен. Туысқандары оны бірден іздеуге кіріскен.
«Біздің қызметкерлеріміз бірнеше рет баларасына барып қайтты. Бірден жігітті көшкін басып қалған болар деп болжады. Желтоқсан айында күн жылынып, қар көшкіні жиілеп кеткен болатын. Баларашыны қар көшкіні болған жерден таппақ болған екен. Алайда қардың қалыңдығы 10 метрге дейін жеткен. Оның үстіне азаматтың нақты қай жерде екенін ешкім білмеген», – дейді опера қызметкері Дамир Ақтанов.
Полицейлердің айтуынша, мамыр айында қар еріп, көрші аймақтың баларашылары әлгі азаматтың өлі денесін тапқан. Туыстары 46 жастағы азаматтың артында кәмелеттік жасқа толмаған екі баласының қалғанын айтып жатыр.
Жіберіп алмаңыз:
Қарағандыда КамАЗ жүргізушісі велосипед мінген 8 жасар қызды қағып кетті
Ақтауда жеңіл көлік әйел адамды қағып 20 метрге дейін сүйреп кетті
Басындағы битті керосинмен улаған оқушы жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты
Алматыда ірі жол апатынан зардап шеккендердің денсаулығы туралы дәрігерлер айтып берді