«Зың-зың» әнінің авторы неден қайтыс болғаны белгілі болды
Аз уақыт ішінде Қазақстанда танылған «Зың-зың» әнінің авторы Болат Нұрымовтың өліміне қатысты жаңа деректер шықты.
Оңтүстік Қазақстан облыстық Мәдениет басқармасының баспасөз хатшысы Мәдина Жұмабайқызы айтты, деп хабарлайды Baq.kz.
Нұрымовтың жақын достарының сөзіне сүйенген оның айтуынша, белгілі әннің авторы соңғы уақытта өкпесі қабынып қатты ауырып, бір апта ауруханада жатып қайтыс болған. Сонымен қатар ол Нұрымовтың жаназасы бүгін Шымкентте сағат 13:00-де өз үйінен шығарылатынын айтты.
Болат Нұрымов 1989 жылы Өзбекстандағы Жизақ облысында дүниеге келген. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде режиссер мамандығы бойынша оқыған. Бұған дейін өзінің жеке студиясында жұмыс істеген және Шымкенттегі «Самал» шағын ауданында тұрып келген.
Үйленгеніне үш жылдай уақыт болған. Артында әйелі және бір баласы қалды.
Тағы да оқыңыз:
Мәдениет қайраткері: Тұрсынбек Қабатовтың өзі қазақтың тілін мазақтап тұрғанына парасаты жетпей ме?
Белгілі банкир Ержан Тәтішевтің өліміне қатысты қылмыстық іс қайта тергеле бастады
Оралдық жігіт шымкенттік науқас қызға бір бүйрегін беріп, өмірін арашалап қалды