Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жүргізушілерді әбігерге салуда": Ішкі істер министрлігі Алматыдағы рейдтерге қатысты шағымдарға жауап берді

Ішкі істер министрлігі Алматыдағы рейдтерге қатысты шағымдарға жауап берді

Фото: polisia.kz 

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Алматыдағы күшейтілген тексерулерге қатысты жүргізушілердің шағымдарына түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кейбір автокөлік иелерінің айтуынша, мұндай рейдтер оларды "әбден мезі еткен".

Алматы полицейлері қаладағы қайыршыларды тексеруге кірісті (видео)

Алматы полицейлері қаладағы қайыршыларды тексеруге кірісті (видео)

Оқыңыз

Әділов Алматыда шынымен де әртүрлі өңірлерден тартылған полиция қызметкерлерінің қатысуымен күшейтілген тексерулер жүргізілгенін растады. Алайда оның айтуынша, мұндай шаралар еліміздің барлық аймақтарында тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Министрдің орынбасары рейдтерді қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған "қалыпты тәжірибе" деп атады.

"Бұл – тұрақты тәжірибе. Біз оны тек Алматыда ғана емес, басқа өңірлерде де қолданамыз. Бұл тек жол қауіпсіздігіне ғана емес, өзге де құқықбұзушылық түрлеріне қатысты", — деді ол.

Сонымен қатар, бұл шаралар құқықбұзушылықтардың алдын алу үшін қабылданған.

"Алдымен заңды болмашы бұзған жүргізушілермен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ескерту беріледі. Ал өрескел заң бұзушылық жасағандар тиісті жазаға тартылады", — деп атап өтті ол.

Санжар Әділов полицияның тәулік бойы жұмыс істеп, заң бұзушылықтардың барлығына жедел әрекет ететінін қосты.

Еске салсақ, Үш адамның өмірін қиған апаттан кейін Алматыға әртүрлі аймақтардан полиция қызметкерлері тексеріске келген.

Ішкі істер министрінің орынбасары Бауыржан Әленов бұл әдеттегідей жоспарланған операция екенін және Алматы полиция күштерін жаппай өзгертуге ешқандай қатысы жоқ екенін мәлімдеген еді.

Қалада “STOP бұзушылық” өңірлік жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында микромобильдік құралдарды пайдалану қағидаларының сақталуына бақылау күшейтілген.

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 08 Сәуір, 2026 20:13