Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы полицейлері қаладағы қайыршыларды тексеруге кірісті (видео)

алматы полициясыФото: Алматы полициясы

Алматыда қоғамдық тәртіпті күшейтуге бағытталған ауқымды рейд басталды. Полиция көшелерді бақылауға алып, заң бұзғандарға қатаң шара қолданып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Полиция қызметкерлері жаяу жүргіншілер көшелерінде, саябақтарда, жол қиылыстарында және қоғамдық тамақтану орындарының маңында рейдтік жұмыстар жүргізуде. Негізгі назар тұрғындар мен қала қонақтарына қолайсыздық тудыратын қайыршылық, мазасыз мінез-құлық және басқа да құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған.

Тексеру барысында азаматтардың жеке басы анықталып, олардың Қазақстан аумағында заңды түрде болуы қарастырылады. 

Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ата-аналарының жауапкершілігіне құқықтық баға беріледі. Құқық бұзушылық анықталған жағдайда заңға сәйкес шаралар қабылданып, жасөспірімдер арнайы мекемелерге жіберіледі, ал шетел азаматтары сот шешімімен ел аумағынан шығарылуы мүмкін.

Полиция өкілдерінің айтуынша, бұл шараның басты мақсаты – қалада қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Алматы қалалық полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды күшейте бермек.

Алматыда ұсталған блогер Әділетхан Молдахан бұрын тонау ісі бойынша сотталған – Полиция

Алматыда ұсталған блогер Әділетхан Молдахан бұрын тонау ісі бойынша сотталған – Полиция

Оқыңыз

Еске салайық, бұған дейін 2026 жылғы 21 наурызда Алматы қаласында Әл-Фараби даңғылы мен Меңдіқұлов көшесінің қиылысында ірі жол апаты болды. Zeekr көлігі қарсы жолаққа шығып, Mercedes-Benz автокөлігімен соқтығысқан. Оқиға салдарынан үш адам қаза тапты. Апаттан кейін бұл іске полиция қызметкерінің қатысы болуы мүмкін деген күдік туындады. Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов әлеуметтік желіде жарысқа қатысушылардың бірі полиция өкілі болуы ықтимал екенін мәлімдеді. Оқиғаға байланысты ішкі істер органдарында тексеріс басталып, Алматы полиция департаментінің бірқатар басшылары қызметінен босатылды. Тергеу жалғасып жатыр.

Айым Атамбаева
Сейсенбі, 07 Сәуір, 2026 17:53