Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жүрекпен қабылданған шешім": Төреғали Төреәлі қызына қандай есім бергенін айтты

Төреғали Төреәлі жары жетінші сәбиіне жүктіФото: instagram.com/toregalitoreali

Күні кеше жетінші сәбиі дүниеге келген әнші Төреғали Төреәлі қызына қандай есім бергенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында кенжесіне арнап жазба жариялады. Оның сөзінше, жары Толқын төртінші рет кесарь тілігі арқылы босанғандықтан, әнші қатты алаңдаған.

“Аллаға шүкір, бүгін жетінші перзентім дүниеге келді. Бұл жай ғана жаңалық емес. Бұл – өмірдің жаңа тынысы. Жауапкершіліктің жаңа деңгейі. Толқында бұл жолы төртінші рет кесарь тілігі болды. Шынымды айтсам, қатты уайымдадым. Бірақ ер адам ретінде тек сырттай күтіп тұруды емес, осы сәттің ішінде болуды таңдадым”, – деп жазды ол.

Әнші ота барысын сырттай бақылап тұрудың оңай болмағанын айтты. Алайда сәбиді қолына алған сәтте барлық қорқынышы сейілген.

“Қызымды өз қолыммен қарсы алдым. Ота үстінде қарап тұру – оңай емес. Бірақ сол бір сәт… ол қорқыныштан да, ауырлықтан да биік тұрды. Бұл – өмірдің қалай басталатынын көру. Бұл – Алланың құдіретін көзбен сезіну”, – деп жазды ол.

Төреғали Төреәлі қызына Мәриям деген есім берген. Оның айтуынша, бұл атты нағашы атасы мен әжесі ұсынған. Ал продюсер Жан Мұқанов пен оның жары кіндік әке-шешсі болған. 

“Бұл есім – жүрекпен қабылданған шешім. Нағашы атасы мен нағашы әжесі екеуі ырымдап, осы атты ұсынды. Ал кіндік әкесі мен кіндік шешесі – менің продюсерім Жан Муқанов пен Асыл жеңгем болады. Бұл да – сенім. Бұл да – жақындық”, – деп жазды ол. 

Қазір әншінің жарының да, қызының да жағдайы жақсы.

“Мәриям, сенің келуің – мен үшін тағы бір белес. Мен енді тек әке емес, жеті баланың алдында жауапты адаммын. Жолың жарық болсын. Өмірің нұрлы болсын. Әкең әрдайым жаныңда. 19:00 / 07.04.2026”, – деп жазды әнші.

"Жетінші сәбиіне жүкті": Төреғали Төреәлі әйелімен жылы видео жариялады

Оқыңыз

Айта кетейік, бұған дейін әнші Төреғали Төреәлінің жетінші сәбиі дүниеге келгені хабарланған еді.

Балнұр Рахматуллақызы
Сәрсенбі, 08 Сәуір, 2026 17:07