"Жетінші сәбиіне жүкті": Төреғали Төреәлі әйелімен жылы видео жариялады

Танымал әнші Төреғали Төреәлі әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялады. Кадрлардан оның жары Толқын Тұрарбекқызының жүкті екенін байқауға болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі “Сенем саған” деген әнін жарына арнаған көрінеді. Әнге түсірілген видеода әнші жарымен бірге түскен. Кадрлардан оның жары Толқын Тұрарбекқызының іші шығып тұрғаны көрінеді. Мұны байқаған желі қолданушылары оның жетінші сәбиіне жүкті деген болжам жасады.
“Өнер адамдарының ішінде рекорд орнатып 10 бала тусын, Алла өмірлерін берсін, аман-есен 12 мүшесі сау балалар келе берсін”, “Толқын екеуіңді ерекше жақсы көреміз, бастысы дені сау болсын, көбейе беріңдер”, “Аллаға шүкір. Көп болыңдар. Керемет”, – деп жазды олар.
Ал әншінің екінші қарындасы Дина Төреәлі болса, ақпаратты жоққа шығармай, көпшіліктің болжамын растайтын пікір қалдырған..
“Санамаңыздар, халқым. Аман болсын бәрі де”, – деп жазған ол.
Дегенмен, бұл видеоның қашан түсірілгені белгісіз. Әнші жарының жүктілігі жайында ресми мәлімдеме жасаған жоқ.
"Тарих жазуға келдік": Төреғали Төреәлі отбасымен бірге Түркістанға көшіп кетті
"Анам мен жеңгем бесікке салды": Төреғали Төреәлінің қарындасы үшінші сәбиін қырқынан шығарды
Айта кетейік, бүгінде Төреғали Төреәлі мен Толқын Тұрарбекқызы алты перзент тәрбиелеп отыр. Алтыншы сәбиін Толқын 2024 жылы өмірге әкелген еді.
Еске салайық, бұған дейін әнші Төреғали Төреәлінің әйелі ерекше қызының арманын бөліскені хабарланған еді.