Зұлмат жылдары қазақтың қандай әндері мен күйлері сотталған?
Қуғын-сүргін көрген, тар түрменің теперішін тартқан әнші де, композитор, ақын да қазақта аз болған жоқ. Зұлмат жылдары тіпті, қазақтың әні мен күйі де сотталды.
Халықты ұлттық музыкадан теріс айналдыру – бұл да Кеңес үкіметінің қазақ үшін жасаған зобалаң қасіреттерінің бірі еді, деп хабарлайды 31 арна.
Себебі, 1930 жылдары қазақтың сотты болған ән мен күйінің нақты санына жету қиын. Бір жерде 200, бір жерде 300 деп айтылады. “Қамауға” түскен әндердің арасында бүгінде ел ешінде кеңінен таралған “Ақбаян”, “Назқоңырлар” да бар. Сондағысы, «құдай», «бай» деген сияқты сөздерге бола қуғынға ұшырап отырған.
“Соттаған кәдімгідей әндердің сөзін, мысалы үшін “Ақбаян” дейтін өлеңнің қайырмасында уайлили Ленинді былай уайлилин қараңғыда көп елің деген сияқты арнайы түрде қайырмасын өзгерткен”, – дейді ҚР парламенті пәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан.
Ал, дәстүрлі әнші Еркін Шүкіманның айтуынша, құрбан болған әндердің саны 500 ден көп болмаса, кем емес. Өйткені, қазақ өнеріне қиянат репрессияға дейін де, кейін де жасалып отырған дейді.
“Қазақ әніне соттың өзі репрессияға дейін басталған. Репрессия өткеннен кейін арада 20 жыл өткеннен кейін тағы да қазақ әніне сот жүрген”, – дейді әнші Еркін Шүкіман.
Осылайша, жаңа талаппен үйлеспейтін әндердің мәтіні жаппай өзгертілген. Тіпті, саяси сақтықпен халық әніне ауыстырылған кейбір әуендердің тұпнұсқасы мен авторлары әлі күнге дейін белгісіз.
“Халық әніне айналып кеткен қанша әніміз бар, күйлеріміз бар халық күйі деп жүрген. Соның бәрінің авторы бар. Оны бір адам шығару керек қой. Соны қайтадан сол авторларына қайтара алмай жүрміз. Ол да бір руханиятымыздағы кесапат. Неге Ахмет Байтұрсыновтың әнін өзіне қайтармасқа? Мағжанның әнін неге өзіне қайтармасқа?”, -дейді ақын Бақыт Беделхан.
Әндердің мәтіні өзгергені өз алдына, ұмытылып қалғаны қаншама? Өйткені, халық әндерінің тұпнұсқасын ел ішін аралап жүріп іздестірген талай зерттеушінің еңбегі осы күнге жетпеді.
Тағы да оқыңыз:
Қырғыз мүфтиі АҚШ-тың католик шіркеуінде азан шақырды (видео)
Бірнеше жыл бойы маньяктардың құлдығында болған қыздардың тағдыры (фото)