"Зиян шай шығарып, ұрпақты улап жатыр": Ахметбек Нұрсила кәсіпкер Тұрсен Алагөзовке қарсы шықты
Коллаж: Stan.kz
Ахметбек Нұрсила қоғамда қызу талқыланып жатқан Тұрсен Алагөзовке қатысты өз пікірін ашық білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бизнесменнің сөзінше, Алагөзов адам денсаулығына зиян тауарды шығарып отырған көрінеді.
“Бірнеше жұмыскерлерге пәтер бергені үшін тіліңді де, діліңді де сата салған дұрыс емес! Тұрсен сыра мен зиян шай шығару арқылы ұрпағыңды улап жатыр. Баян қыздарыңның санасын улап жатыр. Бұл – менің пікірім! Менің пікірім дәл сіздікіндей болуға тиісті емес, олай болуы мүмкін де емес! Біз отардағы қой емеспіз, маңырап иесі қайда айдаса сонда жүре беретін! Әркімде өзінің пікірі болуы, оны ашық айта алуы қалыпты дүние. 70 млрд теңге пайда тапса, жұмыскерлеріне дұрыс жалақы төлемеген, сол ақшаға халыққа зиян сусындар сатып улаған. Дұрыс жалақы төлесе, 15-20 жыл жұмыс істеген адамдар үйсіз-күйсіз жүрмеуі керек қой”, – деп жазды кәсіпкер.
-
"Тұрсеннің туған күніне торт жасап берген": Баян Мақсатқызы ұйымдастырған "Алтын ханым" байқауының жеңімпазына қатысты шу шықты
-
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ Еңбек күні қарсаңында үздік қызметкерлерін марапаттады
Айта кетейік, Баян Мақсатқызы күйеуінің қызметкерлеріне 100 үй бергенін айтқан еді.
“Тұрсен, мен бүкіл Қазақстанға сенімен мақтанатынымды айтқым келеді. Сені мақтан тұтамын! Жарайсың! Бүгін қызметкерлерді шақырды. Бірақ олар не үшін шақырғанын білмейді. Оларға тосынсый болды. Барлығы мақтау грамоталарын табыстайды деп ойлады. Неге күйеуіммен мақтанамын? Себебі ол әрқашан өз қызметкерлерін ойлап жүреді. Президентіміз айтқандай әлеуметтік жағдайларын ойлайтын бизнесмен. Бұлай жасау екінің бірінің қолынан келмейді", – деген еді продюсер.

"300 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін барады”: Қазақстандықтар өлімнен кәсіп істеп отырғандардың әрекетіне наразы
