Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зинедин Зидан: Келесі маусымда “Реалды” басқа бапкер баптауы мүмкін

“Реал” футбол клубының бас бапкері Зинедин Зидан командасының жеңілісінен кейін пікір білдірді.

14535531539183

Сурет sportarena.com

Бұл туралы prosportkz.kz сайты хабарлайды.

Мадридтік дербиде “Реал” мен “Атлетико” кездесіп, Диего Симоене командасы 1-0 есебімен жеңіске жетті. Матчтағы жалғыз голды “Атлетиконың” француз шабуылшысы Антуан Гризманн соқты. Ойыннан кейінгі баспасөз мәслихатында “Реал” бас бапкері Зинедин Зидан командасы жайлы пікірімен бөлісті.

“Мен өзімнің ойыншыларыма толық сенемін. Олар мені әркез қуаттап, қолдап отырады. Бізді келесі маусымда ірі өзгерістер күтіп тұрған болуы мүмкін. Тіпті, бұл бас бапкер мәселесіне де қатысты. Бірақ, біз дәл қазіргі уақытта өз жұмысымызбен тиянақты айналысуымыз керек”, – дейді Зидан.

Сондай-ақ, бапкер командасының Испания чемпионы атағынан үміт үзгенін де айтты. Өйткені, қазірдің өзінде “Реал” чемпионат көшбасшысы “Барселонадан” 9 ұпайға, ал “Атлетикодан” 5 ұпайға қалып келе жатыр. Егер, бүгін түнде “Барселона” сырт алаңда “Севильяны” жеңсе, онда каталондықтар 80 пайызға ел чемпионы атанады деп болжауға негіз бар.

Талқылау