Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зинақорлыққа қарсы ұйымда жұмыс істейтін ер адамның өзі ойнас жасап ұсталды

Индонезияда зинақорлық туралы заңдарды қатаңдатуды жақтайтын ұйымда жұмыс істейтін 46 жастағы азаматтың өзі зинақорлықпен ұсталды.

Зинақорлыққа қарсы ұйымда жұмыс істейтін ер адамның өзі ойнас жасап ұсталды

Ачех Кеңесінің мүшесі Мухлис бен Мұхаммед көпшілік алдында зинақорлық жасағаны үшін айыпталды. Сот оған 28 рет, ал құрбысына 23 рет соққы жасауға үкім кесті.

Бұл оқиғаның кейіпкері Мухлис Индонезиядағы консервативті Ачех аймағында өмір сүреді, бұл елде шариғат заңы қолға алынған.

Гомосексуалдық қарым-қатынас пен құмар ойындар Ачехада көпшілік алдында жазаланады.

«Бұл - Құдайдың заңы. Кез-келген адам, егер ол қалалық кеңестің мүшесі болса да, кінәсі дәлелденсе, жауапқа тартылуы керек», - дейді Би-Би-Сиге шариғат нормалары бойынша жауапты, Ачех Бесар ауданы әкімінің орынбасары Хусайни Вахаб.

Ер адам мен оның дос қызы туристік жағажайдың жанына қойылған көлікте ұсталды. Оқиға 31 қазанда болды. 46 жастағы Мухлис бен Мұхаммед бұл аймақтағы ислам дінінің жетекшісі. Ол шариғат заңы 2005 жылы күшіне енген кезден бастап Ачехтегі рухани жетекші ретінде бірінші болып сайланды.

Ачех кеңесі жергілікті үкіметтермен және заң шығарушы органдармен Ачех қаласында шариғат заңын әзірлеу және енгізу үшін жұмыс істейді.

10 жыл бұрын Индонезия билігі Ачех провинциясына қатал ислам заңдарын енгізуге арнайы құқықтар берді.

Шариғат заңы бойынша некеден тыс жыныстық қатынас, құмар ойындар, алкогольді ішу, өндіру және тарату заңсыз болып табылады.

Жазалау көпшілік алдында өтеді, бірақ балаларға бұны қарауға тыйым салынады.

Ачехтегі шариғат заңы мұсылмандарға да, мұсылман еместерге де қолданылады.

Талқылау