Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Зың әкім мемлекеттің миллиондарын PR-ға жұмсаған": Ғабидолла Әбдірахымов өзін айыптағандарға жауап берді

Журналист Зәуре Мирзаходжаева өзінің Facebook парақшасында Шымкент қаласының экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың жұмысына қатысты жазба жариялаған болатын. Бұрынғы қала басшысы өзіне қатысты айыптауларға жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Bnews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Әбдірахымов

Сурет: instagram.com/gabidullaabdrakhimov

БАҚ қызметкерінің мәліметінше, Шымкенттің экс әкімі бюджеттің көп бөлігін PR-ға бағыттап отырған. Жазба авторы ақшаның APEX-Consult ЖШС арқылы аударылып отырғанын айтты. Аталған ЖШС экс-әкімнің орынбасары Жанат Жуминға тиесілі. 

Зәуре Мирзаходжаева аталған компанияның 2017 жылы мемлекеттік тапсырмалар аясында Шымкент әкімдігінен 97 млн теңге, 2018 жылы 56 мың доллар алғанын бөлісті. Сондай-ақ, ол 2017 жылы 10 лоттың 7-еуі жоғарыдағы ЖШС-ға «негізсіз берілген» деген пікірде. 

Мирзаходжаеваның мәліметінше, мемлекет қаржысы «позитивті имиджді қолдайтын» және «қала бренді туралы ақпараттарға» жұмсалып отырған.
«Зың мемлекеттің милиондарын өзін жарнамалау мен адамдардың миын қатыратын дүниелерге жұмсаған» деп жазды жазба авторы.

Бұл айыптауларға Ғабидулла Әбдірахымовтың өзі жауап берді. Айтуынша, ол әкім болып тұрған кезде тендер өткізуге белгілі бір бөлімдер мен конкурстық комиссия жауапты болған. 

«Мен енді әрбір конкурсты бақылап отыруым керек пе? Алса, алды. Егер қандай да бір проблемалар болса, құқық қорғау органдарына табыстасын және бұл іспен солар айналыссын. Ешқандай сұрақ жоқ. Егер кімде кім қандай да бір ережені бұзған болса, бұл үшін жауап береді. Мыңдаған конкурс өткізіледі, мен олардың әрқайсысын бақылап отыра алмаймын ғой», - деді Шымкент қаласының бұрынғы басшысы. 

Сондай-ақ, ол жазбада аты аталған қоластында болған бұрынғы қызметкерлерімен бүгінде қарым-қатынасы жақсы екеніне тоқталды. 

Еске салайық, өз сөзінде Ғабидолла Әбдірахымов адамдарға қолдағаны үшін алғысын білдірді. Ол Қазақстандағы ең ірі қалалардың бірін басқару үлкен мәртебе екенін атап өтті.

Ғабидолла Әбдірахымовтың 30 шілдеде әкім қызметінен кеткені белгілі болды. Шымкентті Ерлан Айтаханов басқарды.

Президент әкімшілігі мұны қаланың бұрынғы басшысының саяси сенім несиесін бұзды деп түсіндірді. Саясаттанушылар саяси  тұрғыда шалыс басты деді. 

Талқылау