Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жұртшылықтың наразылығын тудырмау үшін анасы туыстарына жіберген" - Алматылық 11 жасар қызды өз әкесі зорлаған болуы мүмкін

"НеМолчи" қоры алматылық 11 жасар қызды өз әкесі зорлаған болуы мүмкін деген ақпарат таратты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Press.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"НеМолчиkz" қоғамдық қозғалысының жетекшісі Дина Таңсәрінің айтуынша, оқиға Алматы облысында болған. 

Болған оқиға туралы қыздың досы кездейсоқ біліп, қоғамдық қор жетекшісіне хабарлаған.

Сондай-ақ, ол қор мен облыстық полиция департаментіне ақпаратты тексеруді сұрап арызданған.

Аты-жөнін жасырған құрбысының айтуынша, зардап шеккен 11 жасар қыздың анасы оқиғаны біліп, жұртшылықтың наразылығын тудырмау үшін қызын Шымкенттегі туыстарына жіберген.

Қордың айтуынша, оларда зорлауға қатысты барлық деректер бар. Оның ішінде хабарламалардың скриншоттары, көмек сұраған қыздың аудио жазбалары және мас әкенің балаларын қорқытқан видеосы. 

Сондай-ақ, құрбысының айтуы бойынша, қыз гинекологқа барып тексерілген. Онда сынықтар мен жаралардың орны анықталған. Айтпақшы, қыз отбасындағы жалғыз бала емес, оның інісі мен қарындасы бар.

Талқылау