Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жұртшылық автобусты ұзақ күтеді": Алматы әкімдігі қаладағы көлік қозғалысы мәселесін талқылады

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин мегаполисте көлік саласы дамығанымен дұрыс теңгерілмегенін айтты. Сөзінше, қаладағы басты мәселе – қоғамдық көлік қозғалысы болып отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

автобус

Оның айтуынша, мегаполисте жол қозғалысын басқару мүмкіндіктері шектеулі. Алматы жолдарында күн сайын 700 мың жеңіл көлік жүреді. Оның үстіне қаланың төменгі бөлігімен жүк тиейтін транзиттік көліктер де өтеді.

"Алматыдағы басты мәселе қоғамдық көліктің тиімсіздігі. Жолаушылар тасымалының негізгі үлесі автобустар мен троллейбустарға тиесілі. Бөлінген жолдардағы автобустардың орташа жылдамдығы сағатына 25 шақырымды, жалпы ағында сағатына 15-17 шақырымды құрайды. Бұл жолаушыларға ыңғайсыздық тудырып, көп уақытын алуда", – деді әкімнің орынбасары.

Оның айтуынша, автобустар техникалық себептерге байланысты күніне 300 ретке дейін маршруттан шығарылады. Бұл автобустардың жалпы санының бүгінде 15 пайызын құрайды.

“Маршрут желісі жеткілікті түрде тиімді ұйымдастырылмаған. Қалалық қоғамдық көліктер арасында нақты байланыс жоқ. Тасымалдауға ыңғайлы көлік тораптары белгіленбеген. Бағыттардың 76 пайызының ұзындығы 15 километрден асады. Бұл мәселеден құтылу үшін қолданыстағы ұзақ бағыттардың қашықтығын қысқарту кере. Автобус бағыты 10 шақырымнан аз ету және магистральдық бағыттар желісін құру нұсқасы қарастырылуда",  – деп қосты Әмрин.

Сондай-ақ, Алматы әкімінің орынбасары қоғамдық көліктегі тариф мәселесін көтерді. Оның айтуынша, тариф 2012 жылдан бері өзгермеген және бүгінде керісінше шығын әкелуде.



"Осы уақыт бойы қала бұл айырмашылықты субсидиялап келеді. 2017-2020 жылдарға арналған қалалық бюджеттен жеке тасымалдаушыларға төленген субсидия көлемі 78 млрд теңге болса, соңғы бір жылда субсидия көлемі 56 млрд теңгені құраған. Жұртшылық  автобустардың ұзақ күтуіне, желідегі автобустардың тұрақтылығы мен қызмет көрсету сапасының төмендігіне және көлік паркінің тозығына шағымдануда. Тасымалдаушыларды субсидиялаудың тарифтік саясатын түбегейлі өзгерту қажет. Субсидиялар қызмет көрсету сапасын жақсарту және автобус паркін жаңарту үшін берілуі керек", – деді Әмрин.

Тағы бір қиындық, қаланың барлық аумағында қатынайтын тез жүретін жүрдек көліктің жоқтығы.

“Әлемнің ірі қалаларында азаматтар негізінен жүрдек көлікпен (метро, ​​ЛРТ, БРT) жүреді. Жақын жерге баратындар, автобустар, велосипедтер, скутерлерді пайдаланады. 

Бөлек жолақтар енгізу және интеллектуалды көлік жүйесін дамыту арқылы автобустар мен троллейбустардың жылдамдығын арттыру ұсынылуда. 2025 жылға дейін қолданыстағы БРT желісі Шығыс қақпасы полиорталығына дейін ұзартылып, Райымбек даңғылы бойымен жаңа БРT желісі іске қосылады. 2025 жылы Қалқаман метро станциясы пайдалануға беріліп, батыс бағыттағы келесі үш станцияның құрылысы басталады. 2027 жылға қарай Төле би көшесінің бойында жүрдек жеңіл рельсті жолдың бірінші желісін іске қосамыз", –  деп түйіндеді сөзін Асқар Әмрин.

Талқылау