Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жұрт мәз болып, жамандайды": Баян Алагөзова әріптесі Жұбаныш Жексенұлына қолдау білдірді

баян жұбаныш жанжалКоллаж: Stan.kz 

Баян Алагөзова ұшар алдында ішімдік ішіп, жанжал шығарған Жұбаныш Жексенұлына қолдлау білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Айта кетейік, Астана қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында танымал әнші Жұбаныш Жексенұлына қатысты іс қаралған еді. 

“Әр адамның жеке кеңістігі болады. Әртістердің де жеке шегарасы бар. Олар да шаршайды, күйзеледі, ренжиді. Осындай сәтте біреу келіп, үн-түнсіз камера қосып видеоға түсіре бастаса немесе селфиге түсуді сұраса, бұл кез келген адамға ұнамасы анық. "Кейде әртістердің көңілі болмай тұруы мүмкін. Ондай кезде суретке түсу, сөйлесу оларға ауыр болады. Кейбіреулер рұқсат та сұрамай, жай ғана телефонын қосып түсіре береді. Сондай кезде өзім де ренжіп жатамын”, – деді продюсер. 



Алагөзованың сөзінше, қоғамда танымал адамдар жиі сынға ілігеді. Алайда халық екі тарапты толық тыңдамай, біржақты кінәлі етуді әдетке айналдырған. 

"Біз Жұбаныштың басында нақты не болғанын білмейміз. Бірақ біреу келіп, камерасын қосып, "селфи жасайық" десе, адам ашулануы мүмкін. Бұл – адамдық реакция. Бірақ танымал адам болған соң, жұрт тек соны сөз етеді. Меніңше, мұндай жағдайда екі тарап та жауапкершілікпен қарауы тиіс. Қоғамда біреудің басына қиындық түссе, жұрт соған мәз болып, жаппай жамандай жөнеледі. Көп жағдайда мән-жайын білмей жатып, баға беруге асығады. Бұл – қайталанып келе жатқан жаман әдет. Мен Жұбанышқа күш-қайрат тілеймін", – деп қолдау білдірді Баян.  аяқтады ол сөзін.", – деді ол.

Еске салайық, даулы жанжалдан кейін өнер иесі 78 мың теңге көлемінде айыппұл төледі. 

Гүлдана Нұрлыханова
Дүйсенбі, 28 Шілде, 2025 10:35
Талқылау
`