Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жынысын ауыстырған трансгендер дүниеге сәби әкелді

Англияның Гластонбери аймағында тұратын 24 жастағы трансгендер дүниеге сәби алып келді. Ұрық доноры арқылы аяғы ауырлаған ол жүктілік кезінде арнайы гормондар ішкенін айтады. Аман-есен сәбиін құшағына алған соң, трансгендер дене мүсінінің әйелдікіне ұқсап бара жатқанына алаңдап жүр.

Бұл туралы The Daily Mail басылымына сілтеп Stan.kz хабарлайды.

Дориан о баста әйел баласы болып дүниеге келген. Алайда уақыт өте келе жынысын ауыстырып, өзі сияқты трансгендерге тұрмысқа шыққан. Оның жолдасы Алекс те транссексуал.

“Өзімді мақтан тұтамын. Себебі енді баламыз бар. Алайда өз денемнен жиіркенемін. Кеудем өсіп кетті, қалыпқа келер емес”, – дейді Дориан.

Ұлды болған соң Дориан мен Алекс құжат жасата алмай әлекке түсті. Себебі бұған дейін жынысын ауыстырғандар оны ресми түрде тіркемеген. Сондықтан заң жүзінде Дориан сәбидің анасы, ал Алекс екінші анасы болып қалған.

Англия заңына сәйкес, ата-ананың жынысын ауыстыруға болмайды. Қазіргі уақытта билік гендерлікті мойындау заңын қарастырып жатыр.

“Тез арада реттеледі деп үміттенемін. Себебі ұлым мені әкесі ретінде таниды. Ал құжаттағы жазба оның өміріне кері әсерін тигізуі мүмкін”, – дейді ол.

Жіберіп алмаңыз:

Салмағы шоколадпен тең сәби дүниеге келді, дәрігерлер оны аман алып қалды

Дәрігер қалжыңдап тұрсыз ба: әйел жүкті екенін босануға 45 минут қалғанда білген

Америкалық дәрігерлер Трамптың ақыл-есінің дұрыстығын тексеруін талап етті

Ғашық жандар алғаш рет төсек қатынасымен айналысу үшін 11 жыл бойы арықтаған

Талқылау