Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жыныс мүшесінен айырылған азамат туралы құпия ақпаратты кім таратты

Сүйіктісінің жыныс мүшесін кесіп алған астаналық әйелдің хикаясы бүкіл елді дүрліктірді. 37 жастағы келіншектің заңсыз әрекеті туралы ақпарат WhatsApp желісі арқылы тарап кеткен. Заңгерлер біреудің жеке басына қатысты құпияны жариялауға ешкімнің құқысы жоқ деп отыр. Сонда алты адам ғана қатысқан сот отырысының актісін елге кім таратты?

Заңгер Олег Чернов бұл сұраққа жауап беруге тырысты, деп хабарлайды Stan.kz.

“Астана қаласы, Есіл ауданына қарасты №2 аудандық сотының судьясы Дүйсенбиеваның қаулысына сәйкес, сот залында небәрі алты адам болған. Атап айтсақ: судья, сот отырысының хатшысы, прокурор, тергеуші, күдікті және оның қорғаушысы. Сот актісін алған адамдар тізімі осы.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201 бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдарының мәліметтері жария болмауы тиіс. Бұл туралы қылмыстық іске қатысы бар адамдардан қолхат алынады.

Айта кететін жайт, судьяның қаулысы қолжетімсіз, яғни ол еш жерде жоқ. Тиісінше, жоғарыда аты аталғандардың біреуі ғана мұндай заңсыз әрекетке баруы мүмкін”, – деп түсіндірді маман Facebook-тегі жазбасында.

Заңгердің айтуынша, құпия ақпаратты таратудың себебі әртүрлі болуы ықтимал. Тіпті, Чернов ақпаратты таратушы “өзгелер сабақ алсын” деген ізгі оймен жасауы мүмкін деген болжамды да айтты. Алайда қандай жағдай болмасын, жеке басын қорлайтын ақпаратты адамның рұқсатынсыз жариялауға болмайды, деп кесіп айтты заңгер.

“Бірінші кезекте, мұнда сөз жеке бас құпиясын тарату жайлы болып отыр, Оның жауапкершілігі ҚР Қылмыстық кодексінің 147-бабында айтылған.

Сонымен, азамат Сүлейманов Р.-дың кастрацияланып, ұрпақ сүю мүмкіндігінен айырылғанын бүкіл ел білді. Мұндай жағдайға ешкімнің де тап болғысы келмейтіні анық. Әсіресе, ол туралы бүкіл халықтың білгенін сіз де қаламайтын едіңіз”, – деп атап өтті заңгер.

Чернов ІІД-нің аталған жайтқа қатысты жауап беруден бас тартқанына таңданып отыр. Айтуынша, құзырлы органдар аталған факті бойынша тергеу амалдарын жүргізіп, кінәлілер жазалануы тиіс.

“Заңгер емес, адам ретінде біреудің құпиясын желіде жариялауға асығатындарға айтарым бар. Алдымен сол адамның орнына өзіңізді қойып көріңіз. Мұндай оқиғадан кейін оның өмірі қалай өрбиді, жалпы өрбиді ме… Сот – цирк сахнасы емес, адамның тағдыры шешілетін орын”, – деп түйіндеді сөзін Чернов.

Жіберіп алмаңыз:

«Сезам» театрының басшысы Біләлге ақшаны қалай бергенін айтты

Астанада жігітінің жыныс мүшесін кесіп алған әйелдің хиджаб киетіні белгілі болды

Қоқыстан сәбиді тапқан әйел: Мен жақын маңда болмағанда үстіне қоқыс тасталып өліп кетуі мүмкін еді

Енді уақытша тіркеуді SMS арқылы ұзартуға болады

Талқылау